«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын сапа»: сапа үшін күресеміз!

2015 жылғы 15 Маусым
10064 просмотров

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының мерейтойы. Ол 10 рет өткелі отыр.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы Мемлекет басшысының Жарлығымен 2006 жылы тағайындалған болатын, және де үш номинация бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; «Халыққа арналған тауарлар өндіретін үздік кәсіпорын»; «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Өткізу мақсаты – ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарын енгізгені үшін үздік отандық тауар өндірушілерді қолдау және ынталандыру.

Әрбір номинация бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне санаттар бойынша үш сыйлық табысталады.

Сыйлық алуға Қазақстан Республикасы аумағында тауарлар өндірумен, қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үміткер болады. Қару-жарақ және әскери техника өндірісі, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесі 50%  құрайтын ұйымдар мен сауықтыру және банкроттық процедураларын жүзеге асыру туралы шешім қабылданған ұйымдар бұл қатарға жатпайды.

Сыйлық лауреаттары атанған қатысушыларға сәйкес диплом және байқау эмблемасы табысталады.

Сыйлық лауреаттары атағына ие болған байқау қатысушылары сыйлық берілгеннен кейін сыйлық эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдану құқығын алады.

Анықтама үшін: Аталмыш іс-шара 2006 жылдан бері өткізіліп келеді.  9 жыл бойы республиканың 1400-ден астам кәсіпорны қатысқан. Бұл негізінде шағын және орта бизнес өкілдері.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға байқауға қатысқандар санына келер болсақ, 2006 жылы - 52; 2007 жылы - 84; 2008 жылы - 91; 2009 жылы - 119; 2010 жылы - 207; 2011 жылы - 232; 2012 жылы – 169; 2013 жылы – 167, 2014 жылы - 293.

Мемлекет басшысының сыйлығы тағайындалған сәттен бері 62 компанияға табысталған.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы бойынша

Республикалық көрме-байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

Өткізу мақсаты – отандық тауарларды жарнамалау және қолдау. «Қазақстанның үздік тауары» (бұдан әрі – ҚҮТ) республикалық көрме-байқауының қатысушылары өңірлік байқаулар жеңімпаздары болып табылады. Ал ұйымдастырушылар – облыстар, республикалық маңызы бар қала мен елорда кәсіпкерлер палаталары. 

ҚҮТ республикалық көрме-байқауының бірінші кезеңі өңірлік деңгейде өткізіледі, онда әрбір өңірден үш номинация бойынша 9 жеңімпаз айқындалады.

Бұдан кейін ҚҮТ өңірлік байқауларының жеңімпаздары республикалық көрме-байқауға қатысады.

Жеңімпаздар әрбір номинация бойынша I, II және III дәрежелі дипломдармен әрі байқау эмблемасымен марапатталады.

Байқаудың жеңімпаз-дипломанттары байқау эмблемасын жарнама мақсатында төрт жыл бойы қолдану құқығына ие болады.

Анықтама үшін: ҚҮТ көрме-байқауы 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқы жылы шамамен 150-ге жуық компания қатысқан. Байқау әрекет етіп келе жатқан кезең бойында 5500-ден астам компания қатысқан.  

Бүгінгі таңда аталмыш байқау бойынша 106 дипломант (жеңімпаз) бар.

Байқау жайлы егжей-тегжейлі ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан оқуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер