«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Сағып» Шаруа қожалығы бизнес-идеяның табыспен жүзеге асырылуының үлгісі болып табылады

2014 жылғы 29 Тамыз
- Павлодар облысы
12302 просмотров

Жаңа интеграциялық процестер жағдайында экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау көрсету маңызды. Бұл үшін бизнес субъектілерінің сәйкес базасы қалыптастырылып, Үкіметке жолданатын болады.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұржан Әлтаев Павлодар облысы «Сағып» ШҚ жасаған сапары барысында осылай хабарлады.

Кәсіпорын бөтелкелендірілген қымыз өндірумен айналысады. Осы шаруа қожалығының басшылығы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы қолдауының арқасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кредит алуға қолы жетіп, өндірісті кеңейтуді мақсат тұтуда. Бүгінде Қазақстанда олардың өнімдері үлкен сұранысқа ие. Келешекте кәсіпорын Ресей, Түркия мен Еуропа нарығын «бағындыруды» жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде ШҚ-ға Мәскеудегі дүкендер желісінен бөтелкелендірілген қымызға қызықты ұсыныс түсіп отыр.

Павлодар облысына жақында жасаған ресми сапарының барысында Елбасының «Сағып» ШҚ жетістіктеріне үлкен баға беріп кеткенін айта кету керек. ШҚ директоры Төлеу Күшманованың ісі шынымен де гүлденіп келеді. 10 жыл бұрын шаруашылығында бар-жоғы үш жылқы болса, бүгінде мал басы 400-ден асқан.

Бүгінде біз тәулігіне бір тонна қымызға дейін өндіреміз, - деп атап өтті Төлеу Көкешқызы. – Облыстық Кәсіпкерлер палатасына үлкен алғыс айтқым келеді. Олардың көмегімен қаржыландыру мәселесін шеше алдық. Қазір қымызды автоматты құю бойынша жаңа цехты ісе қосуға дайындалудамыз. Бұл жоба өндіріс қуаттылығын бес есе, яғни тәулігіне 5 тонна қымыз өндіруге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Шаруа қожалығында ұлттық сусынды ескіше рецептпен әзірлейді. Павлодар қымызы республикалық «Алтын сапа» байқауында үшінші орын алып, былтыр Астана қаласында өткен республикалық «Қараөткел» жәрмеңкесіне де қатысты.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұржан Әлтаев ШҚ жұмысына баға беріп, сонымен қатар басшысының белсенділігі мен талпынысын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңдағы интеграциялық процестерді ескере отырып, еліміздің экспорттық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға тиіспіз. Осыған орай, өндірісін кеңейтуге мүмкіндігі бар кәсіпкерлердің халықаралық деңгейге шығуына жан-жақты қолдау көрсету қажет. «Сағып» ШҚ бизнес-идеяның табыспен жүзеге асуының нақты үлгісі болып табылады. Біз осындай кәсіпкерлер базасын қалыптастырып, оларға жәрдемдесу туралы ұсыныспен Үкіметке жүгінеміз, - деп атап өтті Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер