«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүз пайыз акция – биржаға

2014 жылғы 29 Тамыз
4038 просмотров

Республикалық меншікті жекешелендіру бойынша комиссия «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы» АҚ акциясының жүз пайызын Қазақстанның қор биржасына шығаруға шешім қабылдады.

Бастапқы бағасы 2 310 225 мың теңге мөлшерінде анықталған.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ақпараты бойынша, компания аннуитет берумен, сонымен қатар осыған орай зейнетақылық қамсыздандыру туралы және міндетті сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес оларға берілген азаматтар құқықтарын жүзеге асырумен айналысады.

«Аннуитеттік сақтандыру» жіктелімі бойынша «өмірді сақтандыру» саласында алынған сақтандыру сыйлықақысының жалпы көлеміндегі Мемлекеттік аннуитеттік компанияның үлес салмағы 37,1 пайызды құрайды», - деп хабарлады Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде.

ҚР Ұлттық банкі өкілі түсіндіріп кеткендей, сақтандыру саласындағы Ұлттық банктің сақтандыру қызметі туралы Заңы және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, әлеуетті сатып алушылар – сақтандыру ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленуге ниеті бар жеке және заңды тұлғалар, ҚР Ұлттық банкінің келісімін алуға міндетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер