«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәселе мемлекеттік қолдау шараларының санында емес, сапасында

2014 жылғы 27 Тамыз
3876 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының қаншалықты сапалы көрсетіліп жатқанын білу мақсатында компаниялар басшыларының арасында сұрау өткізді.

Ұлттық палата наурыз-сәуір айларының аралығында 14 облыс және Астана мен Алматы қалаларында 269 компания басшысының арасында сауалнама жүргізді. Компаниялар басшыларының алдында 2013 жылғы индустриялық-иннвациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну сапасына баға беру міндеті тұрды. Ал содан кейін оның қорытындысы бойынша Ұлттық палата Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жылына бір рет жинақ есеп дайындайды да, бұл есеп мемлекеттік қолдау шараларын алушы кәсіпкерлердің қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Компаниялар басшылары арасындағы сауалнама – есептің маңызды құрамдасы екендігі айта кету керек. Осы сұрауды жүргізу барысында алынатын мәліметтер есептің экономиканың индустриялық-инновациялық даму жай-күйінің және оның ұзақ мерзімді өсімді қамтамасыз етуге қабілеттілігінің жыл сайынғы өлшегіші ретіндегі ролін өзектендіре түседі.

Сауалнама статистикалық мәліметтері жеткіліксіз, не болмаса мүлдем болмайтын мәселелердің кең аясы бойынша құнды ақпарат береді. Бір айта кететіні, құпиялылық та сақталады, себебі кейбір мәселелер «сезімтал» тақырыптарды қозғауы мүмкін.

Сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, респонденттер мемлекеттік қолдауды алу мақсаты жайлы айтып беруге, қаржыландырушы ұйымның осы шараны алу үшін ұсынған құжатты қарастыру нәтижелерінің сапасын бағалауға, мемлекеттік қолдау шараларын алу процесінің өн-бойында ұшырасқан проблемаларды атауға, сондай-ақ бұл проблемалардың қандай кезеңде туындағанын көрсетуге тиіс.

Сауалнама ұйымдастырушыларын кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларын алған соң кімге және қаншалықты жиі есеп беруге тура келгені де, мемлекеттік қолдау шараларын алу процесінде туындайтын проблемаларды шешу жолдары да қызықтырды.  

Компаниялар басшылары «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында қарастырылған мемлекеттік қолдаудың 13 шарасын ұсынуға қатысты сауалдарға жауап берді.

Бұл жобаларды қаржыландыру, ортақ қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру, қарыздар бойынша кепілдемелік міндеттемелер мен кепілгерлік ұсыну, қаржы институттары арқылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін кредиттеу, қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйлықақы мөлшерлемелерін және облигациялар бойынша ірі сыйлықақыны субсидиялау, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру, кепілдікті тапсырыс, инновациялық гранттар ұсыну сияқты шаралар.

Респонденттердің сонымен қатар білікті кадрлық рсеурстармен, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, жер телімдерін және пайдалану құқықтарын беруге, ішкі нарықтағы отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өркендету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының орнын толтыру, шетелдік инвестицияларды тартуға, отандық өңделген тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспортын дамыту және өркендетуге қатысты сауалдарға жауап беру қажет болды.

Мемлекеттік қолдау шараларын сапалық тұрғыдан бағалау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Ұлттық палата мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды реттемелейтін нормативтік-құқытық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындап, оларды кейін ҚР заңнамасына сәйкес түзетулерді енгізуді бастамалау үшін ҚР Үкіметіне жолдады.

Осыдан кейін, мемлекеттік органдар сараптамалық қорытынды алу үшін ҰКП-ға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді ресми енгізген жағдайда, Ұлттық палата ондағы бұрындары ҚР Үкіметіне жолданған ұсыныстардың толықтығының есебіне бақылау жасайды.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру тиімділігін бағалау жөніндегі Есеппен мына жерден таныса аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер