«Бизнес-жұмылдыру» науқанына 3 күн ішінде елуден астам кәсіпкер қолдау көрсетті
Желідегі «Бизнес-жұмылдыру» науқанын қолдау бойынша бейне үндеулер саны күн санап өсіуде. Республиканың түкпір-түкпіріндегі қалалар, аудандар мен ауылдардағы кәсіпкерлер науқан аясында өз проблемалары ашық мәлімдеп, желіге өз үндеулерін салуда.
Белсенді кәсіпкерлердің бірі Арқалық, Жезқазған және Қарағанды қалаларының маңындағы құс фабрикаларын қайта қалпына келтірген Максим Божко болды. Оның сөзіне сүйенсек, кәсіпорын күніне миллион жұмыртқаға дейін өндіреді екен, сондай-ақ құс етін өндіру бойынша тағы да бір зауытты іске қосу дайындалуда. Зауыт қуаттылығы жылына 20 мың тонна өнімді құрайтын болады. Алайда отандық өнімді экспорттау үшін бұл жеткіліксіз, деген ойда жас бизнесмен.
«Кредиттік ресурстар құнының жоғарылығы. Банктер үшін еркін кепілдіктердің болмауы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру және импорттау бойынша бұрмаланған статистикалық мәліметтер. Құқық орнату және рұқсат беру құжаттарын ресімдеу кезіндегі төрешілдік іркілістер», - осы проблемалардың барлығы, Максим Божконың айтуынша, отандық өндірушілердің көршілес елдерге экспорттау үшін өндірісті ұлғайтуына кедергі жасайды.
Максим барлық кедергілерді жойған жағдайда өзінің және компаниясының кәсіпорындар қуаттылығын екі есе ұлғайтуға дайын екендігіне сендірді, бұл Қазақстанның экспортқа шығу қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік берер еді. Бизнесмендерімізді белсенділікке «Бизнес-жұмылдыру» науқанын іске қосқан Ұлттық кәсіпкерлер шақырып отырғанын еске сала кетейік. Сонымен, өткен аптада Ұлттық палатаның Басқарма мүшесі Рақым Ошақбаев ғаламторда ашық бейне үндеу жариялаған болатын. Ол барлық кәсіпкерлерді «жұмылып, бәсекеге қабілетті өндіріс көлемін өсіруге, экспортқа, соның ішінде Ресей Федерациясына жіберетін өнімдерді кеңейте бастауға» шақырған болатын.
«Соңғы 3 күннің ішінде-ақ кәсіпкерлерден күніне 10-20 өтініштен ала бастадық. Онда кәсіпкерлер бизнесін дамытуға кедергі келтіруші проблемалар туралы айтады», - деді Рақым Ошақбаев.
Бүгінде Кәсіпкерлер палатасына елуден астам бейне үндеу келіп түскенін айта кету керек. Бизнесмендер отандық өндірістің көлемін ұлғайтуға бөгет болып отырған алуан түрлі проблемаларын көрсеткен. Ең белсенділері фэйсбукте парақшасын жасақтап үлгерген. Ол парақшада кез-келген адам бейне жолдау форматындағы өз проблемаларымен бөлісе алады. Сонымен қатар өтініштерді жинау бойынша youtube порталында арна құрылған.
Ұлттық палатада атап өткендей, дәл бір айдан кейін науқан қорытындысы бойынша жүйелік бөгеттер анықталып, осыдан кейін бұл проблемаларды тез арада жоюға Үкіметке жолдайтын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: