Экспортты өсіру үшін Қазақстан бизнесіне инвестицияларға деген кеңейтілген қолжетімділік қажет – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Өндірісті өсіру және экспортты ұлғайту үшін қазақстандық бизнеске инвестицияларға деген кеңейтілген қолжетімділік қажет, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев.
«Біз осы аптада жарияланған ықпалшаралар мәнмәтініндегі «Бизнес-жұмылдыру» атты науқанды бастадық. Бұл науқанда кәсіпкерлерді қазірден белсеніп, бәсекеге қабілетті өнім өндіру көлемін өсіруге, экспортқа, сонымен бірге Ресей Федерациясына шығаратын өнімдер аясын кеңейте бастауға шақырған болатынбыз. Соңғы 3 күннің ішінде-ақ кәсіпкерлерден күніне 10-20 өтініштен ала бастадық. Олардың барлық мүмкіндіктері бар және бұндай әрекетке дайын, алайда барлығына да инвестицияларға деген кеңейтілген қолжетімділік қажет», - деді «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбатында Рақым Ошақбаев.
Төраға орынбасары сонымен бірге экспортты өсіру бойынша міндетті орындаумен қиындықтардың кредиттеу мәселесіне де қатысты екендігін атап өтті.
Сонымен, қазіргі күні бизнес кредиттеу қызметтеріне деген жоғары бағалар мен кепілдемелік базаның жетіспеушілігі салдарынан қаржыландыру алуда қиындық көруде.
«Көптеген кәсіпорындар кредиттеліп қойғанын көрсетсе, бір жағынан көптеген кәсіпорындарда кепілдіктер жетпей жатыр. Белгілі бір заңнамалық шектеулер бар, егер біз оларды алып тастай алсақ және осы инвестициялық жобаларға ақша жіберетін болсақ, онда бұл өндірісті ұлғайтуға көмектеседі», - деп есептейді Рақым Ошақбаев.
Дегенмен, Төраға орынбасарының айтуынша, Үкімет пен бизнес арасындағы сұхбат жөнге қойылғандықтан, бұл қиыншылықтарды жеңіп шығатын боламыз.
Сонымен қатар, ҚР ҰКП Төрағасы орынбасарының ойынша, барлық алға қойылған міндеттерді орындау үшін, «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» және ҮИИДМБ 2 бесжылдығы мемлекеттік бағдарламаларының нақты жұмыс жасауы міндетті талап болып табылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: