«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаннат Ертілесова: тауар нарықтарына талдау жариялы түрде жүргізілуге тиіс

2014 жылғы 21 Тамыз
4148 просмотров

 

Жекешелендірудің екінші толқыны неліктен қауырт жүргізіліп жатыр, ал орын алған сауда-саттық туралы неліктен ақпарат жабық болып табылады? Өңірлердегі белсенділік төмендігінің себебі неде? Жекешелендірудің қандай да бір түрін таңдаудағы өлшемдер қандай? Сауда-саттық жеңімпазы туралы ақпаратты құпия сақтаудың қажеті бар ма?

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында селектор форматында өткен «дөңгелек үстелге» қатысушылар 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысының проблемалы мәселелерін талқыға сала келіп, осы және басқа да өзектілігі осыдан кем түспейтін сауалдарға жауап табуға тырысты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Мүшесі Жаннат Ертілесова мәлім еткендей, жекешелендірудің екінші толқыны онша ашық өтіп жатқан жоқ, оның үстіне, жекешелендіруді жүзеге асыру БАҚ-та әлсіз ғана берілген, ал өңірлерде, атап айтқанда, аудандарда жергілікті атқарушы органдар да, әлеуетті сатып алушылар да тіпті әрекетсіздік танытуда. Оның сөзіне сүйенсек, бизнесмендер жекешелендірудің екінші толқынының, атап айтқанда, аудандық деңгейде жүзеге асырылуы барысының жеткілікті түрде ашылмайтындығын хабарлауда. Сонымен, олардың айтуынша, нысандардың бизнес үшін тартымдылығы туралы мәліметтері жоқ екен, әкімдіктер түсіндіру жұмысын айтарлықтай сылбыр түрде өткізуде, өңірлерде негізгі ақпарат көзі Интернет емес, баспа БАҚ болып табылатындығын ескергенде жекешелендіру нысандарын сату бойынша БАҚ-тағы ақпарат жұтаң және хабарландырулар жоқтың қасы. 

Ұлттық палатаның Макроэкономика департаментінің директоры Инна Филипович өз кезегінде бизнес-қоғамдастықтың сұрауы негізінде өңірлерде тікелей желі жасақтауды ұсынды. 

Жаннат Ертілесова  екі нәрсеге назар аудара кетті. Біріншісі – бұл бізде жабық тәртіпте жүргізіліп отырған тауар нарығына талдау.

«Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес тауар нарығына талдау тұрақты негізде жүргізіліп отыруға тиіс, ал жекешелендірілетін нысандардың тізімін толықтыру қажет», - деп атап өтті ҰКП Басқарма Мүшесі. Алайда, оның айтуынша, «мемлекеттік қызметкерлер бұдан коммерциялық құпия жасауда және тауар нарықтарына талдау аса жабық түрде жүргізілуде».

«Тіпті Ресейде де талдау нәтижелері жарияланады, ал біздің Қазақстанда бұл коммерциялық құпия», - деп мәлімдеді Ұлттық палатаның тауар нарықтары ашық және тұрақты негізде жүргізілуіне талпынатындығын, ал тізімнің толықтырылып, түзетіліп отыратындығын қосқан Жаннат Ертілесова.

Сонымен қатар Жаннат Ертілесова «жекешелендірілетін нысандар туралы ақпараттың аздығын» атап кетті.

«Тек қана қаржы есептілігі бұл жеткіліксіз. Егер сіздің қолыңызда көп ақша болатын болса, онда тек қаржы есептілігі бойынша жекешелендіру туралы шешім қабылдау мүмкін емес. Қаржылық көрсеткіштерді емес, сатылым көлемдерін, жұмыспен қамтылғандардың санын білу қажет», - деп қорытты сөзін ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Мемлекеттік мүлік тізілімі базасында жекешелендіру нысандарын жүзеге асыру бойынша бірыңғай порталдың функцияланатындығына қарамастан, онда анықтамалық және түсіндірмелі ақпарат, сондай-ақ электронды сауда көмегімен жүзеге асыру механизмдеріне (аукцион және коммерциялық тендер) қатысты сауда нысандары бойынша ақпарат орналастырылған.

«Осыған орай екі сатылы процедура жолымен жабық тендер немесе байқаудың қандай өлшемдер бойынша таңдалатыны анықталмай қалып отыр. Мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың ақпараты орналастырылатын, жалпы, мемлекеттің жекешелендірудің екінші толқынына деген саясаты мен ұстанымдарын түсіндіретін, жекешелендірудің қандай да бір түрін таңдау өлшемдері туралы ақпарат тұратын біаыңғай алаң әлі күнге дейін жоқ», - деп түсінік беріп кетті ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары сонымен қатар орын алған сауда-саттық туралы есептік мәліметтер жайында порталда ақпараттың жеткіліксіздігін және нақты ашылмағанын атап өтті.

«Жеңімпаз туралы мәліметтер жоқ. Тек бұның заңды немесе жеке тұлға екендігі көрсетілген, нысан атауы мен меншік түрі келтірілген, алайда бұл мәліметтерден нысанның қай өңірде өткізілгендігі бірден түсінікті бола қоймайды, ал кейбір нысандар бойынша сатылым күні көрсетілмеген», - деді Жаннат Ертілесова.

Мәлімет: биыл сатылымға шығарылған 301 нысаннан бірінші сатулар қорытындылары бойынша 1 млрд. теңге сомасына 28 нысан өткізілген.  

Сонымен бірге, өңірлік деңгейдегі комиссиялар жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай әдіснамалық ұстаным да жоқ: өңірлік деңгейде ӨКП өкілдерін тартумен жекешелендіру бойынша комиссиялардың түрлі мөлшері әрекет етеді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік мүлік тізілімі порталындағы бірыңғай электронды сауда алаңының техникалық тұрғыдан жетілмегендігіне көңіл аударды (нысандарды іздеу үшін ыңғайлы фильтрдің, бірыңғай call – орталықтың және техникалық қолдаудың жоқтығы, шағымдар және ұсыныстар берілген бөлімнің жоқтығы және т.б.).

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова жекешелендірудің өзіндік мақсат болып табылмайтындығын баса айтты.

«Жүргізіліп отырған жекешелендірудің екінші толқынының мақсаты – жеке кәсіпкерлікті және әділ бәсекелестікті дамыту есебінен экономикалық өсу сапасын көтеру», - деп түйіндеді ол.

Сонымен біре Жаннат Ертілесова «егер бизнестің өзі белсенді болмаса, қимыл да болмайтындығын»  баса айтты.

Автор: Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА

Иллюстрация: Балжан БАЛТАШЕВА


Еншілес ұйымдар

Серіктестер