«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нүкте қойылды: іс жабылды

2014 жылғы 21 Тамыз
- Павлодар облысы
10341 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында бизнес-woman-ның істі жеңіп шығуына көмектесті.

Шартқа сәйкес «Азор» ЖШС алдын-ала төлеммен шетелдік өндірушіден жиһаз жеткізіп отыратын. Алайда, соманың қалған бөлігі фирмаға төленбей қалады. Іс 2012 жылдан бері қаралып жатқан болатын. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жиһаз жеткізу жөніндегі созылып кеткен істің соңына енді ғана нүкте қойды.

Бұл мәселе Павлодар облысы әкімдігі тұлғасындағы тапсырыс берушінің жиһаздың техникалық айрықшалау талаптарына сәйкес келмейтіндігіне сілтей отырып, ЖШС үстінен сотқа жүгінуімен байланысты. Оған фирма міндеттемелерді толық көлемде орындағаны туралы қарсы талап қояды. Нәтижесінде, фирманың тапсырыс берушімен дауы бірнеше сот инстанциясынан өтіп, ол соттардағы қорытындылар жиһаз фирмасының пайдасына болады.

Үшінші – кассациялық соттың шешімі фирманың жабылу қаупін тудырды: ЖШС жиһаз үшін шығындары төлеусіз қалды. Оның үстіне, жеткізілген жиһаз әлі де тапсырыс берушінің қолында болатын.

«Азор» фирмасының директоры Роза Әлиева қалыптасқан жағдайды шешуге қолдау көрсетуді сұрап облыстық кәсіпкерлер палатасына келіп жүгінеді. 

Сот сөзбұйдасына жол бермес үшін Палата сарапшылары істің материалдарын мұқият зерттеп шығып, бар жауапты сот «еркіне» беріп қойған тапсырыс берушіге жүгінеді.

Нәтижесінде, областық Кәсіпкерлер палатасы мәселені ең жоғарғы сот деңгейі – еліміздегі Жоғарғы соттың қарауына шығарып, мұнда бұрындары шығарылған барлық сот шешімдері тоқтатылады да, кәсіпкер бұзылған құқықтардың барлығын қалпына келтіреді.

«Бұл мәселе екі жыл бойы шешімін таба алған жоқ. Фирманың жұмысын тоқтатып қоюға мәжбүр болдық. Үлкен шығындарға баттық, ісіміз бірнеше сотта қаралды. Кәсіпкерлер палатасына жүгіннен кейін мәселе жылдам түрде шешілді, - деп атап өтті фирма директоры Роза Әлиева. 

Иллюстрация: Балжан Балташева


Еншілес ұйымдар

Серіктестер