«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірінші мәселе – ұшақтар жайы

2014 жылғы 21 Тамыз
3981 просмотров

Азаматтық авиация саласындағы заңнамаға жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша 80 түзету енгізіліп, оның ішінде 69 түзету ұшу қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты болды, сонымен қатар 33 нормативтік – құқықтық акт бекітілді.

ҚР ҰКП Төралқасының жанындағы Көлік, логистика және байланыс комитеті азаматтық авиация жөніндегі кіші комитетінің отырысында Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мықтыбаев осындай хабарлама жасады.

Бұл сараптама 2009 жылы ИКАО бірқатар авиакомпанияларды «қара» тізімге енгізгеннен соң жүргізілген болатын.

ААК төрағасының орынбасары қабылданған заңнамалық түзетулердің қызмет көрсету сапасын көтеруге, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ҚР авикомпанияларын «қара тізімнен» шығаруға, сондай-ақ әрекеттегі заңнаманы заманауи ақиқат талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік бергенін баса айтты.

Ол сонымен қатар Азаматтық авиация комитеті құрылымының ИКАО және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенция талаптарына сәйкестікке келтірілгенін қоса айта кетті. Қазіргі күні нәтиже ретінде ЕО аймағына қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуды орындауына шектеулерді алып тастау бойынша шаралар қолданылуда. Қазақстандық ұшқыштар үшін Еуропа аспаны ашылды деуге де болады.

«ИКАО Техникалық ынтымақтастық бюросымен бірлесіп 2013 жылдан бастап авиакомпаниялар мен әуе кемелеріне тексеріс басталып кеткен болатын. Тексеріс қорытындысы бойынша 60 авиакомпанияның 9 сертификаты/куәлігі қайтарып алынып, 6 авиакомпанияның қызметі тоқтатылған еді», - деп атап өтті ол.  

Серік  Мықтыбаев «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің бірнеше жыл бойы осы проблеманы жою бойынша Еурокомиссиямен тығыз байланыста жұмыс жасағанын» айтып берді. 

Ақырында 2014 жылғы сәуір айында Еуроодаққа мүше 28 ел қазақстандық авиакомпания «Эйр Астананың» Еуропалық одақ елдеріне ұшу жиілігін және географиясын кеңейтуіне тыйым салатын шектеулерді алып тастауға бір ауыздан дауыс береді.

Отырыс барысында «Эйр Астана» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Мерғали Әлжанов авиациялық жүк тасымалдау проблемалары, атап айтқанда, E-freight электронды құжат айналымы стандартын енгізу туралы ақпарат берді.

Вице-президенттің сөзіне сүйенсек, «Aviation consulting company» ЖШС туралы ақпарат жеткіліксіз. Бұл пилоттық жобаның табысты нәтиже береріне сенімсіздік тудырады.

«Әрекет «бейтарап шлюзді» анықтауға шоғырландырылған. Ал жобаның басты қатысушысы бұл Кедендік бақылау комитеті. Ол пилоттық жобада ынтымақтастық етуге дайын емес. Кедендегі ІТ жүйесіз «бейтарап шлюзді» құру бойынша қандай да бір қимыл жасаудың еш мәні жоқ деп есептейміз. Техникалық тұрғыдан кеденнің талабынсыз құнды есептеу үшін техникалық тапсырманы жасақтау да мүмкін емес. Жобаның өзін жүзеге асырусыз кез-келген коммерциялық ұсыныс – бұл қаражатты мақсатсыз жұмсау. Аталмыш e-freight2 жобасын жүзеге асыруға қаражат бөлуді ККМ және КБК-ға лоббирлендіру қажет», - деп мәлімдеді Мерғали Әлжанов.

Осыған орай «Эйр Астана» авиакомпаниясы Қазақстан Республикасының аумағында транзиттің екі тармағымен бір авиажүк жөнелтпе құжаты бойынша  келе жатқан авиациялық жүктердің кедендік транзиті процедурасын жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының Кедендік кодексін қайта қарауды сұрайды.

«Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары Фаат Богдашкин әуенавигациялық қызмет көрсету жай-күйі туралы баяндай отырып, халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін нормативтік базаны құру бойынша жұмыстың бірінші кезектегі міндет ретінде жедел шешілгенін атап кетті.

«Ең алдымен, ИКАО құжаттарына шамамен 500 болатын барлық ықтимал сәйкессіздікті жою қажет болды. Сонымен қатар білікті персоналды даярлау бойынша жүйелі, мақсатты жұмыс та басталып кетті. 2004 жыл мен 2013 жыл аралығында 374 жоғары білікті ӘДБ диспетчерлері даярлықтан өтті, бұл жалпы саннан 55 % құрайды», - деп ақпараттандырды ол.  

Фаат Богдашкин сонымен қатар 2005 жылғы «Ауа-Жер» ӨЖЖ ауқымдағы барлық радиоқұралдарды толықтай айырбастау туралы айтып берді. 28 позицияда 350-ден астам трансивер орнатылады да, 2010 жылы ақпараттың барлық түрлерін беру үшін сандық телекоммуникациялық желі байланысы құрылады.  

РМК директоры орынбасарының айтуынша, ұлттық ӘҚҰ жүйесін құрумен қоса қатар әуенавигациялық ақпаратты басқару жүйесін дамытудың мақсаттық бағдарламасын жүзеге асыру бастау алады. Ол ҚР ұлттық әуенавигациялық мәліметтер базасын құруды және Қазақстанның Еуропалық әуенавигациялық мәліметтер базасына миграциясын қарастырады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер