Қазақстанның халықаралық әуежайлары жетілдіруді қажет етеді
БЭК және ДСҰ аясында Қазақстанның әуежайларына транзиттік халықаралық сапарлардың тең және еркін келу саясатын қатаң түрде алға тарту қажет.
ҚР ҰКП Көлік, логистика және байланыс комитетінің азаматтық авиация бойынша кіші комитетінің отырысында сөз сөйлеген «Алматы» Халықаралық әуежайының экономика және даму жөніндегі вице-президенті Дәулет Мәмеков осындай мәлімдеме жасады.
Оның үстіне, Дәулет Мәмековтың ойынша, Қазақстандық Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның әуежайларына ұшуларға жүк әуе кемелері мен бизнес-джеттерге рұқсат беру процедурасын (әсіресе түнгі уақытта, сондай-ақ мереке және демалыс күндері) барынша жеңілдетіп, автоматтандыруға тиіс.
Дәулет Мәмеков әуежайдың даму келешегі жайын сөз ете келіп, бұл саланың айтарлықтай инвестицияны талап ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, жолаушылар терминалының өткізгіштік қабілетін ұлғайту, жаңаларын салу, ескілерін күрделі жөндеуден өткізу, жылдамдықты жолдар салу, заманауи арнайы техника сатып алу, қызметкерлерді оқыту және т.б. қажет.
Әуежай вице-президенті авиакомпаниялардың әуежайлардағы жеңілдіктері және өз бетінше қызмет алуы туралы мәселені көтере отырып, инвестиция салудың міндетті шарты жеілдіктерді тоқтату және әуежай қызметтерінің барлық табысты және рентабельді түрлерін қайтару болып табылатынын атап өтті. Бұл тармақты орындамаған жағдайда жаңа терминал салу немесе оны кеңейту мүмкін болмайды, дейді Дәулет Мәмеков.
Ол сонымен қатар ТМРА реттеу аясынан әуежай мөлшерлемелері мен әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша алымдарды шығару қажет деп есептейді.
«Әуежайлар қызметін ТМРА реттеуі әлемдік тәжірибеге қайшы келетіні белгілі. «Алматы» ХӘ аз дегенде жеті негізгі бәсекелесінің болуы (Бішкек, Үрімші, Ташкент, Науаи, Новосібір, Краснояр, Баку және т.б.) Қазақстан әуежайларын монополистер санатына жатқызудың дұрыстығына күмән келтіреді. Оның үстіне тарифтерге енгізілетін шығындарды барынша кеміту бойынша ТМРА қағидасы әуежайлар инвестициялардың өтелімділігі тәуекелінің салдарынан қолда бар инфрақұрылымды барынша қолдану бағытын ұстануға мәжбүрлікке әкелді», - деп мәлімдеді Дәулет Мәмеков.
Оның ойынша, салалық реттегіш шегіндегі ақылға қонымды тарифтер орната отырып, проблеманы шешуге болады, бұл инвестицияның өтелімділігін қамтамасыз етуге, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Дәулет Мәмеков сонымен қатар авиациялық билігі мемлекеттік қолдау ретінде агрессивті саясат қолданатын көршілес мемлекеттердің әуежайларымен қалған нарықты бөлуге бағытталған қатаң бәсекелестік күрес жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл саясатқа мысал, оның айтуынша, 2009 жылғы шілде айынан бастап «Люфтганза» әуекомпаниясының сапарларын Астанадан Красноярға ауыстыруы болып табылады.
Салық жүктемесін түсіруге бағытталған қазыналық саясатты қолдану туралы мәселені қозғай келе «Алматы» халықаралық әуежайының вице-президенті «Қазақстанның әуежайларын уақытша 3-5 жылға табыс салығынан басқа, барлық салық түрлерінен босату қажет» екенін атап өтті.
Астана Халықаралық әуежайының МТБ бойынша басқарушы директоры Руслан Мұқатов ЭКСПО-2017 көрмесіне даярлық аясында жолаушылар терминалын кеңейтіп, жаңаларын салу жоспарланып отырғанын жеткізді.
«Бұл инфрақұрылымдық өзгерістер терминалдың қарбалас сәттегі өткізгіштік қабілетін 750-ден 1500 жолаушыға дейін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар бортта тамақтану цехы салынады, өндірістік қуаттылықтар көбейтіледі, ұшу-қону алаптары қайта қалпына келтіріледі, жүк терминалдары үш есеге кеңейтіледі, арнайы техника сатылып алынады.
Осылайша, Руслан Мұқатовтың сөзіне сүйенсек, Астана әуежайы келешекте жолаушылардың да, жүк әуе тасымалдары да өтетін ірі көліктік халықаралық торап-хабқа айналуға тиіс.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: