«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандағы шағын авиация ерекше дағдарысты бастан кешуде

2014 жылғы 20 Тамыз
4027 просмотров

Шағын авиацияда қалыптасқан жағдай ел Президентінің ШОБ кәсіпорындарын жан-жақты қолдау шаралары жайлы нұсқауына, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму және ауыл шаруашылығын индустрияландыру Бағдарламаларына сәйкес келмейді.

ҚР ҰКП Көлік, логистика және байланыс комитетінің азаматтық авиация кіші комитетінде өткен жиналыста Қазақстандық шағын авиация қауымдастығының төрағасы Өмірбек Кеңесбаев осындай мәлімдеме жасады.

Төраға сөзіне сүйенсек, қазіргі сәтте қолданылатын алымдар мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті бөгеп тұрған басты факторлардың бірі болып табылады.

«Авиациялық кластердегі (ӘК өндіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, ұшқыш-техникалық персоналды оқыту және басқалары) ШОБ кәсіпорындарынан мемлекеттік алымдар еселеп көтеріліп, алымның жаңа түрлері жасақталған. Алымдар мөлшері әкімшілік айыппұлдармен бірдей және шын мәнісінде, тыйым салу тұрғысында. Оның үстіне бұл авиациялық мемлекеттік алымдарды енгізу бүкіл азаматтық авиация субъектілері үшін күтпеген жағдай болды», - деп мәлімдеді Өмірбек Кеңесбаев.

Оның айтуынша, жеңіл авиация үшін әуенавигациялық қызмет көрсету үшін алымдар мөлшерлемесі негізсіз болып табылады.

Осыған орай, Шағын авиация қауымдастығының басшысы ҚР Салық кодексіне алымдар мөлшерлемесі бойынша өзгерту енгізіп, авиациялық технологияларды қолдану саласын кеңейту және шағын авиация ШОБ кәсіпорындарын мемлекеттің қатысуымен ұлттық компаниялардағы, кәсіпорындардағы өндірістік процеске тарту бойынша шаралар қолдануды ұсынды.

«Экономикалық ынталандыру шараларын енгізу қажет – салық артықшылықтарын, мемлекеттік субсидияларды, әуе кемелерінің паркін кеңейтуге инвестицияларға кепілдіктер мен лизингтік қызметтерді, авиациялық жұмыстар мен қызметтерге ұзақ мерзімдік мемлекеттік тапсырыстар жүйесіне өтуді енгізу керек», - деп атап өтті Өмірбек Кеңесбаев.

Қауымдастық басшысы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға реттеушінің бақылау функциясын ауыстыру мақсатында «ӘКП және авиация қызметі туралы» әрекеттегі Заңына өзгертулер енгізу жолымен «ҚШАҚ» ЗТБ тұлғасында шағын авиация саласында салалық қауымдастыққа мемлекеттік қолдау шаралары қажет екенін қосты.

Оның ойынша, сонымен қатар ҚР әуе кеңістігі құрылымын ұсынылатын тәжірибе мен халықаралық стандартқа сәйкестендіру, бақыланатын әуе кеңістігінің шекарасын қайта қарау, бақыланбайтын әуе кеңістігі шекараларын кеңейту қажет.

Тағы да бір ұсыныс Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі Ұшулардың негізгі ережесіне сәйкес визуалды ұшу ережелері бойынша төменгі әуе кеңістігінде ұшуларды орындайтын, коммерциялық әуе тасымалдауынан бос, әуе кемелерінің ішкі ұшуларына әуенавигациялық қызмет көрсету қызметтерін тегін негізде ұсынуға қатысты болды. Сонымен қатар Ө.Кеңесбаев оларды азаматтық авиация саласындағы медициналық қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптардың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру керек деп санайды.

Шағын авиация қауымдастығының басшысы жергілікті әуе тораптарына негізінде АН-2 ұшақтарымен қызмет көрсетіліп келгендігі жайлы ойымен бөлісті. 

«АН-2 ұшағына айырбастың жоқтығы көптеген жергілікті әуе тораптарының жойылуына әкелді. Бұл типтегі ұшақтар халық шаруашылығында авиацияны қолдану бойынша көптеген жұмыс түрлерін орындайды», -  деді ол.  

Өмірбек Кеңесбаев негізінде АН-2 ұшақтарын жөндеуге бағдарланған әрекет етіп жүрген №405 және №406 АЖЗ авиажөндеу зауыттарының ең алдымен қосалқы бөлшектермен жарақтандырылмағанын және агрегаттардың шектелген ресурсына ие екенін, қайта бейінделгісі келмейтіндігін атап өтті.

«Көлік байланыстарының сенімсіздігі үнемі ҚР дамуындағы негізгі проблемалардың бірі болып келеді. Және де бүгінгі күнге дейін Қазақстан бойынша жердегі автомобиль және темір жолдардың салыстырмалы ұзындық көрсеткіштері , мысалы, Испания, ОАР, Финляндиядағыдан біршама төмен болса, халқы өте тығыз орналасқан дамыған еуропалық елдермен (Бельгия, Германия, Ұлыбритания) салыстырғанда 20-30 есе төмен екен», - деп қорытты сөзін Қазақстандық шақын авиация қауымдастығының төрағасы.

Реті келіп тұрғанда айта кететіні, Өмірбек Кеңесбаев хабарлағандай, ҚР АӘК мемлекеттік тізілімінде шағын авиация әуе кемелерінің 585 бірлігі, соның ішінде 313 АН-2, 151 АЖА ӘК, батыста өндірілген 3 және 4 сыныпты 65 тікұшақ пен ұшақ, кеңестік кезеңде өндірілген 3 және 4 сыныпты 56 тікұшақ пен ұшақ бар екен.

Автор: Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер