Еуразиялық экономикалық одақтың Экономикалық дамуы негізгі бағыттарының жобасы дайындалды
Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасын дайындады.
ЕАЭО мүше мемлекеттердің Экономикалық дамуының негізгі бағыттары мүше мемлекеттер жүзеге асыруға талпынатын әлеуметтік-экономикалық дамудың перспективалық бағыттарын анықтайтын нұсқаулық сипатындағы құжат болып табылады.
Құжат 2030 жылға дейінгі ЕАЭО интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру бойынша кешенді экономикалық бағдарлама болмақшы.
ЕАЭО мүше мемлекеттер экономикалық дамуының негізгі бағыттары ретінде мыналар анықталған:
1) Инвестициялық тартымдылықты көтеру және іскерлік белсенділіктің өсуі үшін жағдай жасау;
2) Инновациялық даму және экономиканың жаңғыртылуы;
3) Қаржы ресурстары қолжетімділігін қамтамасыз ету және қаржы нарығын дамыту;
4) Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
5) Инфрақұрылымдық даму, соның ішінде транзиттік әлеуетті жүзеге асыру;
6) Кадрлық әлеуетті дамыту;
7) Энергия тиімділігін көтеру және ресурсты үнемдеу;
8) Өңірлік даму және шекара маңы ынтымақтастығы;
9) Халықаралық ынтымақтастық және сауда әлеуетін жүзеге асыру.
Актілерді дайындаудың Жұмыс жоспарына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттер экономикалық дамуының негізгі бағыттары 2015 жылғы 31 наурызда қабылданатын болады.
Өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды, сондай-ақ Негізгі бағыттар жобасы бойынша толтырылған сауалнаманы ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің мекен-жайына жолдай аласыз. Байланыс мәліметтері: a.kyssykov@palata.kz, +7/ 7172/ 919-372.
Еуразиялық экономикалық одақ Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасы Жүктеу
Еуразиялық экономикалық одақ Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасы бойынша Анықтамалық Жүктеу
Еуразиялық экономикалық одақ Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасы бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұстанымын қалыптастыруға арналған Сауалнама Жүктеу
Пікір қалдыру:
Пікірлер: