«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экологияны да сақтаймыз, бағаны да тұрақтандырамыз

2014 жылғы 18 Тамыз
4498 просмотров

Экологиялық талаптар мен өнімнің ақтық бағасы арасындағы теңгерімді табу қажет, деп есептейді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында.

Қазіргі таңда Қазақстанда «жасыл экономикаға» өту мәселелері бойынша заңға түзетулер дайындалып жатқаны белгілі.

Бұл заң жобасын дайындаушылар заң жобасына өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі туралы норманы кіргізуді ұсынады. Бұл норма өндірушіні (не болмаса жеткізушіні, не болмаса импорттаушыны) өздері шығарған немесе нарықта өткізген өнімді қолданып болған соң қалдықтарды кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге міндеттейді.

Бұл нормаларды сәйкес салалар өкілдерімен ұзақ талқылаудан соң Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жаңа технологиялар комитетінің Хатшылығы хатшысының орынбасары Жан-Төре Аязбеков «қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және/немесе қайта өңдеу бойынша шығындар белгілі бір өнімді шығарушы және импорттаушы кәсіпорындар үшін айтарлықтай экономикалық тәуекелдерге әкелуі мүмкін екендігін, атап өтті. Сонымен бірге ол белгілі бір кәсіпорынның осы жобаға экономикалық мүдделілігі/мүддесіздігі тұрғысынан кеңейтілген жауапкершілікті жүргізудің сәйкес есептеулері, талдау және егжей-тегжейі ұсынылмағанын баса айтты.

«Сонымен қатар, бап жобасында жеткізуші/импорттаушы өндіруші сияқты міндеттемелерге ие болады делінген, оның үстіне бұл мәселе ҚР-ның интеграциялық бірлестікке кіруі тұрғысынан пысықталмаған. Дәл сол сияқты, өнім ҚР-дан экспортталған жағдайда өңдеуге жиналған қалдықтарды қайтару қалайша жүзеге асыратылатындығы жайлы мәселе де әзірше ашылмаған», - деген түсінік беріп кетті Жан-Төре Аязбеков.

Оның айтуынша, бастамашылар бұл түзетуді автоөндірушілер, тұрмыстық электр тауарларын өндірушілер мен импорттаушылар және ораушылар/азық-түлікшілерге қатысты енгізбекші.

Сонымен бірге, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі туралы норманы әзірше тек автомобиль өнекәсібіне ғана қолдануға болады деген ойда.

«Автомобиль өнеркәсібінің өкілдері барлық қажет есептеулер мен сәйкес талдауды өз бетінше жүргізді, және де өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін енгізумен тұжырымдамалық тұрғыдан келіседі. Оның үстіне олар бұл бапты 2015 жылы енгізуді ұсынып отыр», - деді Жан-Төре Аязбеков.

Ораушылар/азық-түлікшілер, сондай-ақ тұрмыстық электр тауарларын өндірушілер мен импорттаушылар саласына келсек, оның айтуынша, жалпы олар бұл норманы қажет ақпаратты, есептеулер мен сараптамалық талқылауды ұсынған жағдайда 2018 жылдан бастап енгізуге қарсы емес.

«Сонымен қатар, автомобиль саласы бұл мәселеде тұрмыстық электр тауарлар өндірісі саласынан біршама өзгешеленетінін айта кету керек, себебі автомобильді қайта өңдеу есебінен алынуы мүмкін екіншілікті өнімді алуға кететін шығындар жалпы өтелуі мүмкін, ал, мәселен,  тоңазытқышты қайта өңдеуге кететін шығындар туралы олай айта алмаймыз, өйткені мұндағы екіншілікті өнім құны осы прооцеске кететін шығыннан әлдеқайда төмен болады», - деген түсінік берді ҰКП өкілі.

Ұлттық палата ойынша, кеңейтілген жауапкершілікті енгізер алдында сала қызметіне толығымен талдау жасалу керек, және де, сонымен қатар, есептеулерді қалыптастыру бойынша қажет жұмыс көлемі жүргізілуге тиіс.

Осыған орай, заң жобасында өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігін енгізу тұрғысынан тек автомобиль саласын ғана белгілеу ұсынылады, себебі бұл бағыт бойынша сәйкес жұмыс жүргізілген, және де бұл қағиданы енгізуді автомобиль құрастырушы кәсіпорындар қолдайды.

«Әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан бұл норманы енгізудің қаншалықты қажеттігін түсіне отырып, біз экологиялылығы үшін шектен тыс төлемді бизнес пен тұтынушыларға жүктеуге тиіс емеспіз. Ақырында, мысалы, мониторды кәдеге жарату немесе қайта өңдеуге кететін шығындар оның ақтық құнына жүктеледі. Соңғы кездердегі инфляциялық қысымның айтарлықтай сезіліп жатқанын ескере отырып, кәсіпкерлердің қызметіне де, халыққа арналған өнім бағасына да тікелей әсер ететін экологиялық талаптарға ұқыппен қараған дұрыс», - деп атап өтті Жан-Төре Аязбеков.

Сонымен бірге, ол Ұлттық палатаның кәдеге жаратылмаған қалдықтар тұрғысынан жағдайдың проблемалылығын түсіне отырып, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін енгізудің көзсіз, келісімге келмес қарсыласы болып табылмайтындығын баса айтты. «Бұл жерде экологиялық құрамдас пен өнімнің ақтық бағасы арасындағы теңгерімді табу өте маңызды», - дейді ҰКП өкілі.  

Қазіргі кезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастық пен осы заң жобасын дайындаушы арасында келіссөздер ұйымдастыруды жалғастыруда, себебі өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі қағидасының жұмыс жасау механизмі төңірегіндегі сауалдар өте көп.

Автор: Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА


Еншілес ұйымдар

Серіктестер