Atameken Startup. Идея үшін ақша алу жолдары
Бизнеспен айналысу дегеніміз – жылдам ақша табу, қаржылай әл-ауқатқа қол жеткізу және табысты адам болу мүмкіндігі, деп ойлауға да болады. Иә, алайда Қазақстанда олай болуы мүмкін емес, деп санайды жастар. Бұдан да жеңіл әлеуметтік баспалдақтар толып жатыр, деген ойда көпшілігі.
"Жастарымыздың көз алдында кәсіпкерлік «ағатайлар» мен ықпалы жүріп тұрған туысқандар көмегімен жылдам «көтерілудің» болжамды мүмкіндігінен артта қалады, - дейді Atameken Startup Қоғамдық қорының директоры Нұрлан Тазабеков. – Жастар өздерін ұлттық компанияларда, министрліктерде және ведомстволарда көреді. Алайда бизнесте емес. Осылайша, қандай мүмкіндіктен айрылып отырғандарын сезбейді де".
Қазақстандағы бизнесті қалай құруға болатынын және қалай құру қажеттігін көрсету үшін, Atameken Startup Қоғамдық қоры міне үшінші жыл жұмыс жасап келеді. Сәнге айналған «стартап» сөзі даму сатысындағы, және де өз бизнесін не жаңа инновациялық идеялар негізінде, не енді ғана пайда болып жатқан технологиялар негізінде құрушы, жақында ғана ашылған компанияны (тіпті әзірше заңды тұлға болып табылмауы да мүмкін) білдіреді. Көбінесе, стартаптың өзіне тән ерекшелігі – бұл қаржының жетіспеушілігі. Atameken Startup Қазақстанның барлық қалаларында жастарды жинап, қызықты бизнес-идеяға байқау ұйымдастырумен айналысады.
"Байқау өткізе отырып, жастардың өз-өзіне сенуіне мүмкіндік бергіміз келеді. Бұл бизнес-жоспарлар жасауға үйреніп, өзін таныстыра алатын алаң, - дейді Нұрлан Тазабеков. -2012 жылы қорды құрып жатқанымызда мұнымен ешкім айналыспаған болатын. Дәл осы Atameken Startup қоры, біздің ойымызша, Қазақстандағы стартап-индустрияның дамуына леп берді және осы нарықты «сергітті». Екі жыл өтіп кетсе де, республикалық деңгейде мұны ешкім қолға алып жатқан жоқ".
Нұрлан Тазабековтың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты – жастарды қызықтыру және даярлау. Бүгінде көптеген жастардың өз ісін бастауға қорқынышы айқын көрінеді.
Жастар арасындағы танымал идеялардың ішінде онлайн-дүкендер, қосымшалар, сондай-ақ авторлық зерттемелер: «ғылыми негіздемесі бар, авторлардың өздері жасаған жобалар кездеседі. Көпшілігінде өз өніміне патент бар да, енді инвесторларды іздеп жүр».
Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлық алып, өз дегеніне жұмсайды. Алайда, ұйымдастырушылар қатысушылар базасы арқылы жіберілім жасай отырып, мониторинг жүзеге асырып отыратындықтарын атап өтті.
"Олардан өз жобаларының тағдыры қалай болғанын айтуды сұраймыз. Өкінішке орай, жауап қату жағы әлсіз болып отыр. Бұл көпшілік жобалардың іске қосылмай қалатындығынан хабар береді. Соның салдарынан жауап бергісі келмейді, деп ойлаймыз", - деп назаланды қор директоры.
Atameken Startup бір орында тұра бермейтінін атап өтуге болады. Ұйымдастырушылар бүгінгі таңда даму институттары және мемлекеттік органдармен байланыс орнатылып, белсенді әріптестік жүріп жатқанына сендірді. Өткен аптада «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) Дамыту қорымен» Меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар бұрынырақта Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттікпен ынтымақтастық туралы шарт жасалыпты.
"Бұл жай ғана құжаттар емес. Шын мәнісінде жобаларды қаржыландыру мәніне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Идеялар сапасы болса, енді бұл басқа бір ауыртпалықты мәселе", - деп түсіндірді Қор директоры.
«АКТ Қоры» – бұл ІТ-жобаларды өсіру жөніндегі стартап-мектепке ие жобаларды жетілдіру бойынша алаң. Қорда инвестициялаудың дайындалған құралдары мен сапалы тәлімгерлік мектебі бар.
«Дәл сондықтан да біз Atameken Startup түлектері АКТ саласындағы өз жобаларын іске қосу үшін жақсы мүмкіндік ала алады, деп шештік», - дейді Нұрлан Тазабеков.
Жоба қолға алынғаннан бергі Atameken Startup байқауы үшін ең ірі оқиға болатын алғашқы бірлескен іс-шараны өткізу белгіленіп қойғанын айта кету керек: қыркүйек айының 5-7 аралығында Астанада еліміздегі ең үлкен «Astana multi-space» коворкинг-орталығында байқау өтеді. Астанаға бүкіл республикадан жастар жиналып, жүлделі орындар үшін күресетін болады. байқаудың жалпы қоры 3 млн. теңгені құрайды. Нұрлан Тазабеков атап өткендей: «Биылғы жылы байқаулар ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитет тапсырысы бойынша өткізілуде, сонымен қатар бізге атақты демеушіміз Қазақстанның Халық банкі қолғабыс жасайды, және де Ұлттық кәсіпкерлер палатасы толықтай ресурстық қолдау көрсетеді».
Келешегі бар жобаларға қаражат салуға дайын әлеуетті инвесторлар туралы айта келіп, Нұрлан Тазабеков олардың көп емес екенін атап өтті. Дегенмен, бұған қарамастан, олардың тиімділігі жоғары.
«Мысалы, «Алтын Қыран» Қоры былтыр 10 стартапер үшін 100 мың доллар бөлді. Бұл жобалар іске қосылып, қор мамандарының қадағалауында. Егер бәрі де жақсы өтсе, инвестор 3 маусымның жобаларына енді 500 мың доллар бөлуді жоспарлап отыр», - деп баса айтты Н.Тазабеков.
Болашақтағы жоспарларды сипаттай келіп, ұйымдастырушылар экожүйені құру сөзсіз жақсы бастама екенін сөз қылды. Алайда келесі кезеңге өту қажет. Онда жетілдіру бағдарламалары мен венчурлік қаржыландыру құралдары болуға тиіс екен.
"Осыған орай, форматы жағынан классикалықтан ерекшеленуге тиіс венчурлік қорды құру бойынша белгілі бір жоспарлар бар. Егжей-тегжейін жайып салуға әлі ерте, — деп атап өтті Нұрлан мырза, - бірақ бұл белгілі бір тұрғыдан қызықты және тың жоба болмақшы".
Астана қаласында 2014 жылғы 5-7 қыркүйекте келесі Atameken Startup бизнес-идеялар байқауына қатысу үшін, Қордың сайтында тіркелу қажет www.atamekenstartup.kz
Автор: Шоқан Алхабаев
Иллюстрация: Балжан Балташева
Пікір қалдыру:
Пікірлер: