Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі консультациялық орталықтар іске қосылды
Бизнесті қолдау – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі дәргейі. Бүгін Алматыда республика бойынша жиырма екінші консультациялық орталық ашылды. Орталық кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар жайлы хабардарлығын күшейтуге тиіс. Консультациялық орталықтадың негізгі функциялары қандай? Кәсіпкер консультациялық орталықтан қандай пайдалы ақпарат алады? Бұл жобадағы Халық банктің ролі қандай?
Елдегі қаржы институттары шағын және орта бизнестің дамуына өз үлесін қосуда. Сонымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстаннық Халық банкі» АҚ меморандум жасасты. Меморандум нәтижесінде Халық банк филиалдарында бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша консультациялық орталықтар ашылуда.
ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Асқар Әбубәкіров атап өткендей, бүгінгі таңда республикада көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар, алайда барлық кәсіпкерлер бірдей одан хабардар емес, осы бағдарламалардың мүмкіндіктері мен құралдары жайлы егжей-тегжейлі ақпаратқа ие емес. Біршама жан-жақты ақпарат ұсыну мақсатында Қазақстанның Халық банкінде консультациялық орталықтар құрылуда.
«Біз бір орында отырған жоқпыз, даму жолдары мен кәсіпкерлерімізге көмектесу мүмкіндіктерін іздеудеміз. Бүгінгі таңда кәсіпкерге Өңірлік кәсіпкерлер палатасында ғана емес, Қазақстанның Халық банкінде де мемлекеттік қолдау құралдары бойынша жан-жақты ақпарат алу мүмкіндігі кеңейтілуде. Бұл үшін ҰКП бизнесті қолдаудың барлық құралдарын бірыңғай құжатқа жинап, кәсіпкерлер үшін құралдарды нақты белгілеген. Қазірде республиканың барлық облыстарындағы Қазақстанның Халық банк менеджерлері оқытылған. «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Агробизнес-2020» сияқты және басқа да бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі төңірегінде қосымша түсіндірулер банкте жүргізіледі» - деп атап өтті Асқар Әбубәкіров.
Өткен аптаның басында Халық банктің консультациялық орталықтарын ашу бастау алды. Үстіміздегі жылдың тамыз айының 6 мен 13 аралығында еліміздің ірі қалаларында 22 консультациялық орталық есігін айқара ашты.
Бұл жоба іске қосылғанға дейін бір ай бұрын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Халық банк менеджерлерін кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқытты. Жоба аясында шағын және орта бизнес өкілдері үшін барлық бағдарламалар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берілетін болады. Бұдан әрі ҰКП Қазақстанның Халық банкімен бірге болашақта сүйемелдеу және жобаны жүзеге асыру мақсатында консультация алған кәсіпкерлер мониторингін жүргізуді жоспарлауда.
«Бизнесмендерге болжамды қаржыландыруды дұрыс құрылымдандыру, салық салу, жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша консультация берілетін болады», - деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.
Сонымен қатар консультанттар бизнесмендерге кәсіпкер мүмкіндігі мен қызығушылықтарын барынша ескеретін ең оңтайлы шарттарды ұсыну үшін, банк көрсететін қызметтер тізбесі туралы айтылады.
«Кәсіпкерлер әйелдер бизнесі субьектілерін кезектегі кредиттеу үшін, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және жергілікті мазмұнды дамыту бойынша бағдарламалар туралы ақпарат ала алады», - деп қосты Қызылорда облысы Өңірлік палатасының директоры Дінмұхамед Әбсәттаров.
Қызылорда облысы Өңірлік палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров
Жасалған меморандум аясында өңіріміздегі шағын және орта бизнес дамуын қолдау бойынша іс-шаралар кешені жоспарланғанын айта кету керек.
«Ұлттық палата мен Халық банктің ортақ мақсаты кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағымды жағдай жасау қажеттігі болып табылады. Осы еңбегіміз жақын арада жемісін беріп, елдегі кәсіпкерлікті сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп сенеміз», - деп баса айтты «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Павлодар филиалының директоры Анатолий Бойчин.
Автор: Шоқан Алхабаев
Пікір қалдыру:
Пікірлер: