«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге мүмкіндік беріліп отыр, оны қолдану қажет

2014 жылғы 15 Тамыз
3716 просмотров

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бизнеске толық көлемде қолдау көрсетілудеМемлекет үлкен серпін беріп, кәсіпкерлерге барлық жағдайды жасауда. Бұл мүмкіндікті қолдануға тиіспіз ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жаңа технологиялар комитетінің мүшесі, Қазақстанның Софтверлік компаниялар қауымдастығының президенті Азаматхан Әміртаев ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде осылайша ойын білдірді.

Кәсіпкердің айтуынша, ол өндіріспен байланысты үш жобаны іске қоса алған.

«Біз шетелден инфестициялар алдық және мемлекеттен үлкен көлемдегі кредит алдық», - дейді ол.

Азаматхан Әміртаев атап өткендей, әлемдік вендорлар мен ірі компаниялар Қазақстанмен Ресей арқылы жұмыс жасаған.

«Ресей өз маржасын қосады дабұл тауар құнын еселеп ұлғайтады. Ал қазірде осы әлемдік компаниялардың бас кеңселерімен делдалсыз тікелей жұмыс жасау мүмкіндігі туындап келеді, - деп түсінік беріп кетті Софтверлік компаниялар қауымдастығының басшысы. Ол сонымен қатар «Қазақстан қазір пайдалы ұстанымда. ЕАЭО мүшелік Ресей нарығына кіруге мүмкіндік беретінін» баса айтты.

ҚСКҚ президенті сонымен бірге компаниясының энергия үнемдеу секторында жұмыс жасап жатқанын айтып берді. «12 қалада, Астанада Сарайшық көшесінде өз қаражатымызға көшелерді жарықтандырудың пилоттық аймағын іске қостық. Үнемдеу электр эенергиясының 30%-дан 63 %-ға дейін құрайды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған сапарынан кейін элетр энергиясын 20% үнемдеу қажеттігі туралы тапсырма берілдіБұл технология көбірек үнемдеуге мүмкіндік береді, алайда жергілікті биліктегілердің бұған деген белсенді мүдделігін көріп отырған жоқпыз. Бұл жобаны болашақта Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Азаматхан Әміртаев.

Кәсіпкер сонымен қатар өзінің Қытайға жасаған сапарынан кейінгі әсерімен бөлісті. Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, Қытайдағы экономика көлемі мен реттелгендігі таңқалдырады.

«Мен тарихқа жүгіндім. Бастапқыда Қытай мемлекеттігінің қалыптасуы жүрді. Кейін - Дэн Сяопиннің дәуірі, шағын және орта бизнесті қуатты қолдау кезеңі, Қытай экономикасы ашықтығы кезеңі.

Қатарластыра салыстыруға болады. Бүгінде біздің еліміздің қалыптасу дәуірі артта қалған. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қолдау кезеңі келе жатыр. Және де қазір бәрінің бір бағытта жұмыс жасағаны маңызды. Мемлекет дирижер сияқты бағыт беріп, экономика қозғалысын реттейдіКәсіпкерлер, қоғамдастық бір оркестр сияқты ретпен жұмыс жасауға тиіс», - деп түйіндеді Азаматхан Әміртаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер