«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік нысандар бизнесмендер қолында

2014 жылғы 15 Тамыз
4419 просмотров

Соңғы кездері бизнес-орталарда бизнесмендердің басқаруына әлеуметтік нысандарды беру мүмкіндігі белсенді талқыланды. Соның ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелері де бар. Балалар бақшасын жеке меншік компаниялар басқаруына беру механизмдері қандай болады? Балалар бақшасын беруге байланысты төлем қаншалықты көтеріледі? «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының» талдаушысы Оксана Самокейшпен біз осы төңіректе әңгіме өрбіттік.

Мемлекеттік балалар мекемелерінде жеке меншіктегілерге қарағанда төлемнің айтарлықтай төмен екендігі бәрімізге белгілі. Сонымен, мысалы, баланы мемлекеттік балабақшаға жібергенде ата-ана ай сайын шамамен 10.000 теңге төлейді. Ережеге сай, ең жоғары құн 30.000 теңгеден аспайды. Жеке меншік балалар бақшасында ай сайынғы төлем сомасы 40.000 теңгеден басталады және айына 200.000 теңгеге жетуі мүмкін. Әрине, жеке меншік бақшаға мүмкіндігі жететіндер ғана бара алады. Алайда егер мемлекеттік балабақшалар жеке меншікке өтетін болса, оның да құны өсіп кетуі мүмкін.

Оксана Самокейш оқиға дамуының мұндай нұсқасын жоққа шығарады.

Балабақшаларды жеке меншік компаниялар басқаруына беру механизмдері қандай болады?

Алдымен екі ұғымның арасын ажыратып алайық: бір жағдайда «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңмен, екінші жағдайда «Концессиялар туралы» Заңмен реттелетін «сенімгерлікпен басқару» ұғымы. Біз «Концессиялар туралы» Заңның аясында сенімгерлікпен басқару туралы сөз қылып отырмыз. Өткен жылдың желтоқсан айында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) реттейтін заңнама түбегейлі өзгеріске ұшырады да, осының арқасында МЖӘ келісім-шарттарының желісі айтарлықтай кеңейді. Бүгінгі таңда концессия аясында сенімгерлікпен басқаруға беру, жеке меншік базасындағы концессия шарты – яғни отандық бизнестің қызушылығын тудыратын келісім-шарттар сияқты келісім-шарт түрлері заң жүзінде бекітілді. Бұл заңнаманы дайындау кезінде қазақстандық бизнеспен байланыста қолданылуы мүмкін МЖӘ аспаптарын құру қажеттігі турасындағы фактор елеулі мөлшерде ескерілді. Мысал келтіре кетсем: Алматыдағы АҮААЖ (Алматы үлкен айналымды автомобиль жолдары) құрылыс жобасының құны  80 млн. АҚШ долларынан асып түседі, ал бұл жобаны жүзге асыруға, қаржыландыруды тартуға, салынған жолдың сапалы пайдалануын  қамтамасыз етуге қазақстандық компаниялардың көпшілігі дайын ба? Жауап та белгілі – жоқ. Талдау көрсеткендей, қазақстандық бизнес арзан жобаларға мүдделі, өйткені, бір жағынан, көп қаржыны талап ететін жобалар ресурстар тарту жағынан күрделі, екінші жағынан – қымбат жобалардың артында үнемі үлкен тәуекелдер жатады. Бұл, ашығын айтсақ, біздің кәсіпкерлерімізді шошытады. Бірақ егер біз концессиялар туралы Заңға жүгінсек, онда МЖӘ жобалары әлеуметтік инфрақұрылым мен халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған деп, нақты айтылған. Сондықтан да әлеуметтік құрамдас басты мәселе болып отыр. Және де шешімді кеш те болса, бүгін қабылдауды талап етіп отырған балабақшалардың жетіспеушілігі Алматыдағы ғана емес, басқа да өңірлердегі әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады.  Балабақшаларды концессиялар туралы  Заңның аясында сенімгерлікпен басқаруға табыстау механизмдері туралы сөз қылғанда, МЖӘ басты қағидаларының бірі байқау арқылы шешу болып табылатындығын айта кету керек, сондықтан да табыстау қала әкімдігі өткізетін байқау өткізу жолымен жүзеге асырылады. Алдымен әкімдік сенімгерлікпен басқаруға табыстамақшы нысандар пулы анықталады. Осыдан соң жобаның негізгі өлшемдерін, нысандарды қалпына келтіруге қажет қаражат көлемін, жобаны жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік қолдау шараларының пулын және т.б. анықтайтын концессиялық ұсыныс дайындалады. Жағымды сараптамадан кейін байқау процедуралары шарттарын, келісім-шарт талаптарын, жоба мерзімін, жеке меншік әріптеске қойылатын талаптарды реттемелейтін байқау құжаттамасы дайындалады. Осыдан кейін байқау өткізіліп, оның барысында заң жүзінде концессияшы деп атайтын мемлекеттің жеке меншік әріптесі анықталады да, бұдан әрі сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасалады және тікелей жоба жүзеге асырылады. Концессия аясындағы сенімгерлікпен басқарудың мемлекеттік мүлік туралы заң аясындағы сенімгерлікпен басқарудан қалай ерекшеленетінін атап өткім келеді: МЖӘ жобаларында нысанды басқаруға алатын компанияның нысанды қайта қалпына келтіруді жүзеге асыруы міндетті талап болып табылады. Шарт мерзімі 30 жылға дейін болуы мүмкін, осы мерзім ішінде концессияшы пайдалануды және нысанды толығымен күтуді қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерлер әлеуметтік бизнеске баруға зауықсыз, себебі ол, мәселен, сауда сияқты тиімді емес. Олар үшін қандай да бір ынталандырушы механизмдер ойластырыла ма?

Жылдам табыс табу тұрғысынан қызметтер нарығы өзінің тартымдылығы бойынша сауда саласына жол беретіні сөзсіз. Алайда, егер біз 90 жылдары басымызға түскен «алыпсатарлықта» қалып қойған болсақ, онда Қазақстан әлі күнге дейін IТ-сүйемелдеу, консалтинг, туристік бизнес және т.б. сияқты қызметтерді көрмес еді. Шын мәнісінде, «жабайы» капиталды өсіру кезеңінен өтіп барамыз, ал біздің елімізде жеткілікті мөлшерде табыс тауып, өз бизнесін әртараптандыру жайын ойластырушы кәсіпкерлер де баршылық. Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы жобалар – бұл өз коммерциялық әлеуетін өсіруге таптырмас мүмкіндік болып саналатын шағын және орта кәсіпкерлер де бар. «Кәсіпкерлер әлеуметтік бизнеске лажсыздан барады» деген тезиспен дауласар едім. «Балапан» бағдарламасының тиімді түрде қызмет жасап, күйреу халіне ұшырамағандардың бірі болып табылатындығы дерегінің өзі балабақша – бұл қызықты бизнес екендігінен хабар береді. Дегенмен деректер жайлы: біріншіден – МЖӘ аясында әкімдік тұтыну кепілдігі сияқты қолдау шарасын ұсынады. Бұл дегеніміз, білім беру басқармасы алдымен МЖӘ жобасы аясында басқару жүзеге асырылатын мектепке дейінгі мекемеге балабақшадағы орынға кезекте тұрған балалардың ағымын қамтамасыз етеді деген сөз. Екінші бір тартымды сәт – мектепке дейіні тәрбиеде «жан басына шаққандағы» қаржыландыру бар, ал бұл үшін қала бюджетінде жыл сайын балабақшадағы әрбір балаға нормадағы төлем беліленеді. Ата-аналар тек балалардың тамақтануын, қосымша білім беру бағдарламаларын төлейді.  Тағы бір маңыздысы: бұл – жасампаз бизнес, әкесі мен шешесі табыс тапсын деп, олардың қолын босата отырып, баланың дамуына мүмкіндік беру – бұл жағымды нәрсе ғана емес, бұл табыс та әкелетін арман деуге де болады.

Балалар бақшасы жеке меншікке өтуіне орай, төлем қаншалықты көтеріледі, қанша дегенмен бюджеттік балабақшада төлем айтарлықтай төмен.

Балабақшадағы төлем мүлдем көтерілмейді, не болмаса болар-болмас көтеріледі. Әрбір келісім-шартты жекелей қарау қажет, және де баға саясаты мәселесін әкімдік пен жеке меншік әріптес талқыға салуға тиіс. Алайда мұндай жобаларды дайындауда әкімдікте және концессияшыда бірқатар опциялар болады. Мысалы, әкімдік келісім-шартта балабақшадағы орындардың бір бөлігі мемлекеттік балабақшалар деңгейінде ең төмен құны бойынша бөлінуге тиіс, деп қарастыра алады. Алайда жеке меншік әріптестің жобалардағы қаржылай тартымдылықты көруге тиіс екендігін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да топтардың бір бөлігі коммерциялық болуы мүмкін. Ол топтарда білім беру және дамыту бағдарламаларымен толықтыру алуан түрлі болуы мүмкін. Және де бұл осындай жобалардағы коммерциялық құрамдас болады. Ата-аналар баласының қандай топқа баратынын өзі таңдайды, және де егер коммерциялық топтар біршама тартымды болса, онда өз баласының серпінмен дамуы пайдасына таңдау жасайтын болады. Дегенмен бюджеттік топтағы да, коммерциялық топтағы да тәрбие және оқыту процесі мектепке дейінгі тәрбие стандарттарына сәйкес келетіндігін ұмытпауға тиіспіз, сондықтан да концессияшы сапаға кепілдік беретін болады. Айтпақшы, әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларының аясында қызмет көрсету сапасы – басты дәлелдің бірі. Жеке меншіктің мемлекеттік ұйымға қарағанда кез-келген қызметті біршама тәуір көрсететінін бұрыннан мойындап қойғанбыз, клиникаларға, мектептерге, сол балабақшаларға көз жүгіртсеңіз, жетіп жатыр.

Алматыда пилоттық жобаны тым жылдам деп есептеп, ол ерікті-мәжбүрлеу негізінде жүргізіледі деп қауіптенуде? Іс жүзінде бұл қалай болмақшы? Әлеуметтік нысандарды басқаруға алғысы келетіндер бар ма және олардың саны қанша?

«Концессиялар туралы» Заңның аясында сенімгерлікпен басқару үшін заңнамалық алаңды қамтамасыз етуге екі жылдам астам уақыт жұмсадық. Сондықтан да жылдам шешім деп айтуға болмас. Алматының заңнамалық негізде жасалған жаңа шешімді тәжірибеде алғашқы боп іске қосу мүмкіндігі бар, менің ойымша, бұл қала басшылығы прогрессивтілігінің жақсы көрсеткіші. Келесі жағынан, кәсіпкерлердің қаупі түсінікті, себебі біз үнемі жаңадан, сыналмаған дүниеден, басқаларға қарап, мұның қалайша жұмыс жасайтындығын көру мүмкіндігі жоқтығынан қорқамыз. Бірінші топ жару үнемі қиын әрі көп жағдайда түсініксіз. Бұл бизнестің тәжірибесі, бірінші болу үнемі ауыр, бірақ құрмет те алғашқыларға көрсетіледі! Сондықтан да кәсіпкерлерді жұбатып қояйын – алаңдауға еш себеп жоқ. Әкімдіктің әріптесі байқау аясындағы үздік ұсынысты дайындап, ұсынушы жеңімпаз болады. Сонымен қатар, процеске жеке бизнестің мүддесін қатаң түрде қадағалайтын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылуы мүмкін. Еліміздегі ірі қаладағы мемлекеттік меншікті басқаруға деген мұндай ұстаным «алғашқы қарлығаш» болатындығын ескере отырып, бұл жобаларға Қазақстандық МЖӘ орталығы, білім беру министрлігі және МЖӘ қазақстандық бизнес пен халықтың қажеттілігіне жауап бере отырып, өз дамуына жаңа серпін алуына мүдделі басқа да ұйымдар тарапынан үлкен назар аударылатынына күмәнданбауға болады.

Автор: Мичгона Жантенова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер