Бизнестің дамуына көбінесе кедергі келтіретін заңдар
Үкіметтің қайта ұйымдастырылуы кәсіпкерліктің өсуіне жағымды әсер береді, деп есептейді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.
Ел Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде сөз сөйлей отырып, Жоғары оқу орындары қауымдастығының басшысы «НҚА және кіші заң актілері көп, олардың кейбірі, тіпті Негізгі заңның жекелеген ережелері, кейде өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып кетіп жатады», деп мәлімдеді.
«Сондықтан да Елбасы әлемде бәсекелестік өсіп келе жатқандықтан, бизнесті қорғау қжет екенін мәлімдей келе, соңғы жылдары отандық кәсіпкерлікті қолдауға ерекше назар аударады. Бүгінгі жағдайларға көз жүгіртсек, Қытай экономикасы үлкен серпінмен дамып жатқан әлемдік держава – АҚШ-ты өкшелей келе жатыр, және де, осының бәрі дүниежүзіндегі жағдайды өршіте түсері сөзсіз. Біз болсақ, Қытай мен Ресейдің ортасында орналасқанбыз, және де Қазақстан өзінің минералдық ресурстарына сүйене бермей, экономиканың басқа да салаларын дамытып, оны әртараптандырумен айналысуға тиіс. Әрине, бұл отандық кәсіпкерліктің орасан зор қолдауын талап етеді», - деп атап өтті Рахман Алшанов.
Оның ойынша, Қазақстан Үкіметінің қайта ұйымдастырылу жағдайында қоғам үшін елеулі өкілеттікке қол жеткізу қажет.
«Үкіметтің қысқаруы олардың өкілеттігінің төмендеуін білдіреді. Оларды, менің ойымша, қоғамдық ұйымдарға, азаматтық қоғамға, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына табыстау қажет. Бұл бір-біріне қарама-қайшы келетін кіші заң актілерінің көп мөлшерін жоюға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Рахман Алшанов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: