«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы байланыс орнатуда: орталық – өңірлер

2014 жылғы 13 Тамыз
- Жамбыл облысы
9464 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен Жамбыл орблысы әкімінің орынбасары Халижан Әбдірайымов қатысуымен өткен Өңірлік кәсіпкерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысы Жамбыл облысы әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы арасында кәсіпкерлерді қолдау мақстанда жасалған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды. Жоба экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдай жасай отырып, сұхбатқа қатысушылардың кәсіпкерлік саласын дамытуға жан-жақты жәрдемдесуге деген қалауын бекітуге бағытталған.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Жамбыл облысына жасаған сапарының аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы сервистік компанияның жұмысымен танысты. Жамбыл обысы ӨКП директоры Асан Қошмамбетовтың төрағалығымен аудандық филиалдар директорларымен өткен аймақтық жиналысқа қатысты. Нұржан Әлтаев орталықтан өңірлерге қарайғы тіке бағыттағы ҰКП-ның жұмысын бекітудің бүгінгі таңдағы ерекше маңызын баса айтты және, оның айтуынша, даму және  кері байланыс векторларын уақытында жөнге салған жағдайда байланыстың орнатыларына күмән жоқ. Осы саладағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, атап айтқанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Үкіметтегі және еліміздің заңнамалық органдарында қол жеткізген жоғары беделі жайлы таныстыру да маңызды.

Жұмыс кездесулерінің барысында Нұржан Бауыржанұлы көтерілген мәселелер төңірегінде өз пікірін білдірді. Атап айтқанда, дуалды білім беру жүйесін енгізуге қатысты ол Қызмет көрсету, агросектор және өнеркәсіп қауымдастықтары мамандандырылған бағыттағы колледждерді корпоративтік басқаруға алып, теориялық және тәжірибелік оқыту процесін қаржыландыруға тікелей қатысып, кейін бітірушілерді жұмысқа қабылдайтын Қызылорда қаласының тәжірибесін мысалға алып, Қазақстан бойынша енгізудің айтуға тұрарлық үлгісі екенін атап кетті. Үстіміздегі жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Үкіметке тапсыруға дайындалып жатқан заңнамалық түзетулер пакетіне қосуға ШОБ кредиттеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, туризмді, КҚКО дамыту, сырттан заңсыз араласудан қорғау заңнамаларын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызбен әлі де жүгінуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер