«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мектептермен тікелей байланыс арқылы жүргізілетін кәсіптік бағдар

2014 жылғы 12 Тамыз
- Қызылорда облысы
10442 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Қызылордаға жасаған сапарының аясында «Техмаман» оқу орталығында болып қайтты. Сол күні орталықта Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы бойынша «РҒӘО» АҚ және «ТехМаман» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.​

Бұл орталық тасымалдаулар, ғимарат құрылысы, құрылыс және автомобиль жолдарын жөндеуді жүзеге асыратын өңір кәсіпорындары мен мекемелері үшін қажет жұмысшы кадрларды даярлаумен, қайта даярлаумен және олардың біліктілігін көтерумен айналысады.

Сонымен қатар орталық базасында мамандарға білім беру және сертификаттау ұйымы бітірушілерінің кәсіптік даярлық деңгейіне баға беру, оқу орындарындағы өндірістік оқу оқытушылары мен шеберлері біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру жүргізіліп отыратын болады.    

   

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев ҰКП бастамасымен және оның базасында 2014 жылғы 30 сәуірде Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҰКП жетекші мемлекеттік институттарының арасында кәсіптік білім беруді дамытудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, КжТББ жүйесін айтарлықтай жетілдіруге арналған бірлескен жұмыс жоспары бекітілгенін атап өтті.

«Жоспарға бүгінде осал жеріміз болып табылатын проблемаларды шешуге арналған іс-шаралар енгізілді: мектептермен тікелей байланыс арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру, кәсіптік даярлықтың қажет мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау, сондай-ақ дуалды оқыту аясында жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс бөлуді қамтамасыз ету, қамқоршылық пен тәлімгерлікті ұйымдастыру, жалақы төлеу – бизнестің орындау жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын болып отырған іс-шаралар тізбесінің бір бөлігі осы», - деген ақпарат берді Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер