«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан арқылы транзиттің дамуына қауіп төніп тұр

2014 жылғы 12 Тамыз
4204 просмотров

 

ҚР ҰКП Төралқасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің темір жол көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырысында Луговой станциясы бойында транзиттік жүктерді Қазақстанның кеден органдарының тоқтатуы кезінде анықталған жүйелік проблемалар туралы сөз болды.

Отырысқа Басқарма мүшесі – ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева, ҚР ҰКП Төралқасы Көлік, логистика және байланыс комитеті төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко, ҚР ҰКП Көлік, логистика және байланыс комитеті Хатшылығының басшысы Қанат Мұқышев, Бас прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, Кедендік бақылау комитетінің, Көлік және коммуникациялар министрлігінің, «ҚТЖ» ҰК өкілдері қатысты.

Кіші комитет отырысына сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағынан Қырғыз Республикасына мұнай өнімдерін жеткізуді жүзеге асыратын трейдерлердің қазақстандық компанияларының және экспедиторлық компаниялардың өкілдері шақырылды.

Кіші комитет төрағасы, Қазақстан Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы және Қазақстандық вагондар/контейнерлер тасымалдаушы-операторлар қауымдастығының Бас директоры Илья Сегал қатысушыларды еліміздегі бизнесті жүргізуді қиындататын және кәсіпкерлер мен ұлттық темір жол компаниясының құқықтарын бұзушы жүйелік проблемалармен, сонымен қатар оларды шешу бойынша ұсыныстармен жан-жақты таныстырып өтті.

Кіші комитеттің қорытындылары кідіріс себептері мен салдарларын талқылау, компаниялардың хат-хабарларын зерттеу, қауымдастықтардағы, Қазақстанның Көлікшілер одағындағы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дағы мемлекеттік бақылау органдарының жауаптары мен шешімдерінің негізінде жасақталды.

Отырысқа қатысушылар Елбасының 2020 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемін екі есе, 2050 жылға қарай 10 есе көбейту бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыруды тежеуші жүйелік проблемалар мен шаралардың тиімділіктерін талқыға салды.

Отырыста кейбір проблемалар бойынша ҚР ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлікшілер одағының бірлескен жұмыс топтарының аясында шешу жолдарын іздеу жүргізіліп жатқаны аталып өтті.

Бас прокуратура өкілдері Әділет министрлігіне ҚР аумағы арқылы жүктер транзиті кезіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы және Кеден одағының аясында халықаралық келісімдердің әрекет ету жағынан түсініктер алу үшін ресми сұрау жолданғаны жайлы ақпарат берді.

Экспедиторлар, трейдерлер мен салалық қауымдастықтар республика аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулардың дамуын баяулататын проблемалардың туындауымен байланысты алаңдаушылықтарын білдірді. Бұл кәсіпкерлердің жұмысына да кедергі келтіреді. 

Луговой станциясында вагондардың кідірісі бірқатар проблемаларды ашып берді. Атап айтқанда, талаптардың екі жақты түсіндірілу мүмкіндігіне жол беретін директивалық нұсқаулардың шығарылуы, әріптестер мен қызмет тұтынушыларының құқықтарын шектеуші монополист-компаниялар шарттарының орындалмайтын және тең құқықсыз талаптары, бизнес пен мемлекеттік компаниялардың даулы мәселелері бойынша принципиалды және нақты шешімдер қабылдауда өкілетті органдардың өз құқықтарын жеткілікті деңгейде қолданбауы.

«Осының барлығы қаптаған проблема мен әділетсіз әрекеттердің туындауына алып келді. Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда ерекше сақтау шарттарын талап ететін тоқтатылған жүктер мәселесін кеден органдары қалай шешеді деген сауалға әлі күнге дейін жауап жоқ», - деді Илья Сегал.

Комитет төрағасының айтуынша, жүкті сақтау бойынша қызметтерді орындау кезінде кеден операциялары үшін кімнің төлейтінін, станциялық жолдар, күзетпен шұғылданумен байланысты темір жол жұмысы және т.с.с. үшін кімнің төлейтінін анықтайтын кез келді.

Отырысқа қатысушылар «ҚТЖ» ҰК» АҚ экспедитормен шартта оның құқықтарын неліктен шектейді және оның жауапкершілік шегін орнатады, неліктен ұлттық компания барлық жауапкершілікті жүк иесіне емес, экспедиторға жүктейді деген сауалдарға жауап іздеді.

«Темір жолмен шартта неліктен экспедитордың жеке шотынан мәміле (тасымал) сомасынан бірнеше есе асып түсетін сомаларды акцептісіз шығысқа шығару қарастырылады? Бұл дерек бойынша экспедиторлар цистерналардың тұрып қалғаны үшін шамамен миллиард теңге (үстіміздегі жылдың шілде айының ортасына шамаланған сома) айыппұл төлеуге тиіс. Сонымен бірге барлық экспедиторлардың осы тасымалдаулардан жалақысы көп дегенде 3-4 миллион теңге, яғни айыппұл мөлшері табыстан ондаған есе асып кетіп отыр», - деп проблемалар тізбесін жалғастырды Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығы және Қазақстандық вагондар/контейнерлер тасымалдаушы-операторлар қауымдастығының басшысы Илья Сегал.

Ол сонымен қатар барлық мәселелердің өзінің логикалық шешімін таба бермейтіндігіне көңіл аударды. Илья Сегалдың ойынша, себеп өкілетті органдардың бизнес пен мемлекеттік компаниялардың даулы ұсыныстары бойынша принципиалды және ақтық шешім қабылдаудағы өз құқықтарын жеткілікті деңгейде қолданбауында болып отыр.

«Отандық бизнестің тағдырына деген немқұрайдылық! Міне, 4 ай өтті, компаниялар мемлекеттік органдар мен монополистердің арасында сенделіп жүр, алайда қолда бардан айрылу қаупінен басқа ешқандай шешім табылар емес», - деп мәлімдеді Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының басшысы.

Отырыс соңында айтылған проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Сонымен, темір жолдағы алдын-ала ақпараттандырумен бірге кідірістер мөлшерін айтарлықтай төмендетуге көмектесетін тәуекелдерді басқару жүйесін қайта жаңғырту ұсынылуда.

Келесі бір ұсыныс, мәселен, Ресейде, Белоусьта және Қытайдағыдай, күмән тудыратын вагондарды тәуліктік мерзімде қайтаруға қатысты.

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар ЕЭК аясында Кеден кодексінің «бір мүше мемлекеттің кедендік органының кедендік транзиті кедендік процедурасына сәйкес тауарларды тасымалдауда басқа мүше мемлекетттердің кедендік органымен тіркелген қамсыздандыру сертификатын» тану туралы 217 бабының 2 тармағын мүше мемлекеттердің қабылдауы бойынша өкілетті органдардың келіссөздерін жүргізу қажет деп есептейді.

Сонымен қатар олар Қазақстандық кедендік брокерлер қауымдастығының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Еуразиялық одағының және басқа да қатысушылардың кедендік бақылау дәрежесі және тәуекелі және талдау жүргізу, ақпаратты жинау және өңдеу Ережелеріне сараланған ұстанымды енгізу бойынша ұсыныстарын қолдайды.  

Мұндай ұстаным сыртқы экономикалық қызметке парасатты қатысушыларды тәуекел дәрежесі жоғары кәсіпкерлік субъектілерінен ажыратуға көмектеседі.

Автор: Қарлығаш Жүсіпбекова

Иллюстрация: Балжан Балташева


Еншілес ұйымдар

Серіктестер