Агроөнеркәсіп кешені проблемасын тауарлы кредиттеу арқылы шешуге болады
«Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко аграрлық сектордағы көптеген проблемаларды шешуді шаруаларға пайызсыз тауарлы кредит ұсынумен шешуге болады дейді.
Белгілі фермер ОКҚ брифингінде журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, осындай ой айтты.
«ҚР Президенті үнемі айтып жүргендей, аграрлық секторды ШОБ-ты дамыту жолымен дамыту қажет. Әңгіме шаруаларға кредит беру төңірегінде болып отыр. Алайда шаруаларға кредит емес, пайызсыз тауарлы кредит беру керек деп ойлаймын», - деп есептейді Геннадий Зенченко.
Аграрлық компания басшысы 82 мың түтіні бар Солтүстік Қазақстан облысын мысалға келтіре отырып, қарапайым арифметикамен сөзін дәлелдеп берді.
«Егер әрбір түтінге үш сиырдан берсек, онда шамамен 240 мың тұқымдық мал басы болып шығады да, сонда біз келешегі жоқ ауылды біржолата ұмытамыз», - деп қорытты Геннадий Зенченко.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: