«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық кешірімі – кәсіпкерлерге берілетін мүмкіндік

2014 жылғы 07 Тамыз
3602 просмотров

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап басталатын салық кешірімінен кейін шамамен 180 миллиард теңге көлеміндегі отандық кәсіпкерлердің түрлі себебптермен жиналып қалған өсімпұлдары мен айыппұлдары шығынға жазылуы мүмкін.

Бұл хабарламаны ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жасады.

Кешегі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық кешірімін жариялағаны белгілі.

"Биылғы жылдың желтоқсан айына дейін үкімет бизнесті қолдауды дамытудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауға тиіс. Үкіметке 2014 жылғы 1 қазандағы жай-күйі бойынша жиналған шағын және орта бизнес субъектілеріне айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша салық кешірімін жүзеге асыруды тапсырамын", - деп мәлімдеген болатын Елбасымыз.

Абылай Мырзахметов атап өткендей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық кешірімін қолдайды және Үкіметтің нақты шешімдерін күтеді. Оның үстіне ҰКП Басқарма басшысы «кәсіпкерлердің айыппұлдар мен өсімпұлдарды бірқатар объективті себептермен төлей алмай отырғанын» ескере кетуді ұмытпады. Сонымен бірге, ҚР Салық кодексіне сәйкес,  осы өсімпұлдар мен айыппұлдардың барлығы есептелуін жалғастыра береді, және де кейде салық берешегінің сомасынан да асып түсіп, жиналу мөлшеріне қарай бизнесмендердің оны төлеуге шамасы келе бермейді.

«Бұл жағдайда кәсіпкерлерге өз қызметін ары қарай жүргізу мүмкіндігін беру үшін салық кешірімін жүрізген дұрыс деп есептеймін, осы ауыртпалықтан босатып, жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек", - деп Абылай Мырзахметов ел Президентінің шешіміне түсінік бере кетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер