«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Назар аударыңыз, бұл өте маңызды!

2014 жылғы 08 Тамыз
3854 просмотров

Израиль Республикасындағы саяси-әскери жағдайдың шиеленісуіне байланысты, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі мынаны хабарлайды:

Израильде тұрақты немесе уақытша тұратын немесе Израильге туризм және демалыс үшін баратын Қазақстан азаматтарының назарын аудару мақсатында, Израильдің оңтүстік бөлігінде орналасқан қалаларда аса сергектік танытуларыңызды сұраймыз.

Атап айтқанда: Сдерот, Ашкелон, Ашдод, Бэер-Шева, Кирьят-Гат, Нитивот және Офаким. Сондай-ақ Израиль мен Палестина арасындағы әскери қақтығыстар аяқталғанға дейін Израильге, Батыс Жағалауға және Газа секторы өңіріне турлар ұйымдастыруды тоқтата тұруды сұраймыз.

Жоғарыда аталған қалаларда тұратын Қазақстан азаматтары қажет болған жағдайда Тель-Авивтегі ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімімен мына телефон арқылы байланыса алады 03-516-341 немесе мына электронды поштаға хат жазуға болады t.sailauuly@mfa.kz. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер