Сенім де қажет, бақылау да артық болмайды
Биылғы жылдың күзінде ҚР Парламенті Мәжілісіне «Өзін өзі реттеуші ұйымдар туралы» заң жобасы келіп түседі. Заң жобасына сәйкес салалық қауымдастықтарда өз мүшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады.
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының Төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Оның айтуынша, осы заң қабылданған соң, салалық қауымдастықтарда бір-бірінің қызметін бақылауға көмектесетін өкілеттіктер пайда болады.
«Бизнесмендер сатандарттар, лицензияларға біліктілік талаптарын жасайтын болады және өз-өздерін бақылап, өміршеңдіктерін сынап, сонымен қатар саланың абыройын төгетін арамза кәсіпкерлерді жазалайтын болады. Бұл біршама дұрыс та, себебі, осылайша заң нормаларына сүйене отырып, кейін адал ниетті бизнесмендер қатарының көбеюіне көмектесуге болады», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: