Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы болуы шарт
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланған Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Мемлекет башысы ең алдымен Министрлер кабинеті мүшелерінің назарын әлемдік экономика және ТМД елдеріндегі қазіргі жағдайларға аударта отырып, әрекет етудің жаңа шараларын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қоса, Елбасы «Үкіметтің әріқарайғы экономикалық саясаты басты міндеттерді шешуге бағытталуы керек» екендігін баса айтты.
Елбасы отырыста сөлеген сөзінде елде кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне тоқтала өтіп, мемлекеттік сатып алулардың электрондық форматын енгізу бизнес жүргізу жағдайын жақсартуы керектігін атап өтті.
«Электрондық мемлекеттік сатып алуларды енгіздік, бұл дұрыс қадам, бұл бизнес жүргізуді жақсартуға оң әсер етуі керек», - деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев отырыста Қазақстандағы сауда базарларының мәселесін сөзге тиек етті. Сонымен қатар, көлеңкелі экономика – бюджет түсімдерінің қомақты реверві екендігін айта келе, Қазақстанда ұйымдаспаған, санитарлық жағдайы төмен жүз мыңнан астам сауда базарлары бар екеніне де тоқталды.
Осы мәселеге қатысты Мемлекет басшысы жан-жақты ұйымдастырылған сауда орталықтарын салу керектігін және осыған қатысты әкімдер тарапынан шұғыл қолдау көрсетілуі керектігін айта келе, әкімдер жедел түрде жер телімдерінің бөлінуі, сауда орталықтарын еркін экономикалық аймақтарға қосу, оларды салықтардан босатуды қарастырып, елдегі барлық ұйымдаспаған сауда базарларын жабу керектігін назарға салды.
Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі Елбасының отырыста ортаға салған тақырыбының бірі болды. Президент Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту әріқарай да кеңінен қолға алынатынын атап өтті.
Первый заместитель Премьер-министра РК Бакытжан Сагинтаев
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы алдында есеп берген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев экономика өсімін қамтамасыз ету және бизнеске көлемді қолдау көрсету бойынша шаралар қолданылып жатқандығын айта келе, осы мақсатта Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетіндігін айтты.
«Қазіргі уақытта шамамен 5,5 млрд доллар сомасында экономиканың басты салаларында инвестициялық жобалар анықталды. Шағын және орта бизнесті несиелеуге Ұлттық қордан алғашқы 100 млрд теңге бөлініп, қазіргі уақытта кәсіпкерлерге берілуде», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев банктер 70 млдр теңге сомасында 327 жобаны мақұлдап, қазіргі уақытта 50,5 млрд теңге сомасында 218 жоба қаржыландырылғанын атап өтті. «Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қосымша 467 жоба қаржыландырылды», - деп атап өтті ҚР Премьер-министрдің орынбасары.
«Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев отырыста сөйлеген сөзінде «шағын және орта бизнесті қолдауға Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінгеніне» тоқталды.
Қуандық Бишимбаев «Қаражаттың 50% нақты кәсіпорындарға берілді. 76 млрд теңге – бұл мақұлданған жобалар. Бұл ретте 10 жылға 6% мөлшерлемесімен несиелеу қазіргі жасалып отырған теңдесі жоқ жағдайлар» екендігін мәлімдей келе, «6% - инфляция деңгейінен төмен мөлшерлеме, немесе Үкіметтің инфляция бойынша белгілеген бағдарының төменгі «дәлізі», - деп атап өтті.
Председатель Правления НУХ «Байтерек» Куандык Бишимбаев
Мәлімдемеге қатысты Мемлекет басшысы кәсіпкерлер осы мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып, жеке бизнестерін дамытулары керектігін атап өтті.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан 2015 жылы 500 млрд теңге бөлу бойынша Үкіметтің ұсыныс білдіруін тапсырды.
Елбасы бұл ретте, экономиканы дамытуға бөлінетін қаражаттар тисті орнына уақытылы жеткізілуі керектігін баса айтты.
Сондай-ақ Елбасы Үкіметке шағын және орта бизнес субъектілеріне салынатын айыппұлдар мен өсімақыларына салықтық рақымшылық жүргізуді тапсырды.
«Үкімет бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауы керек. Үкіметке шағын және орта бизнес субъектілерінің 2014 жылғы 1 қазанға дейінгі жиналған айыппұлдар мен өсімақыларына салықтық рақымшылық жасауды тапсырамын», - деді Елбасы.
Елбасы жекешелендірудің екінші толқынына тоқтала келе, «жекешелендірудің екінші толқыны бағдарламасы және халықтық IPO әлдеқайда алға жылжыды», бұл мемлекеттің активтерін орта есеппен үш есеге қысқартуға мүмкіндік беретіндігін айтты. Елбасы бұл жағдайлар жеке секторларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті.
Бұл ретте Мемлекет басшысы жекешелендірілген нысандардың мақсатты пайдаланылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
«Барлық жекешелендірілген нысандар өзінің тікелей мақсаты бойынша қолданылулары керек. Жергілікті әкімдер мен Үкімет мұны ерекше бақылауда ұстулары керек», - деді Елбасы.
Президент РК Нурсултан Назарбаев
Президент Үкіметке электр энергиясына тариф белгілеу мәселесін реттеуді тапсырды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Орал қаласында кәсіпкерлер үшін электр энергия киловатына кешкі уақытта 35 теңге, ал түнгі уақытта 5 теңге белгіленгенін мысалға келтірді.
Президент кәсіпкерлердің өндірістері күндізгі уақытта жұмыс істейтіндігінен жоғары тариф бойынша төлем жасауға мәжбүр екендігін айтып, осыған қатысты бірқатар мысалдарды келтірді. Онымен қоса, кәсіпкерлер үшін тарифтер кейбір өңірлерде халық тұтынатын бағадан әлдеқайда жоғары, ал кейбір өңірлерде тең бағада. Бұл жағдайлар кәсіпкерлерді әртүрлі айлакерлікке баруға мәжбүрлейді.
Мемлекет басшысы көтерген мәселелердің бірі қызмет көрсету саласына қатысты болды.
Елбасының айтуынша, «қызмет көрсету саласы қазіргі уақытта экономика өсімінің негізгі көзі болуда, өйткені қызмет көрсету ІЖӨ жалпы көлемінде 53% жеткен».
«Бұл жақсы жаңалық: қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру көзделген елдерде еңбек өндірісі өсуде. Біз осы уақытқа дейін бұл саланы елеусіз қалдырып келдік, ал қазіргі уақытта бұл мәселені қолға алу керек», - деді Елбасы.
Осыған байланысты мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеп, қабылдауды тапсырды.
Президент әзірленіп жатқан білім беру мәселесі жөніндегі заң жобасында колледждерде оқитын жастардың міндетті түрде өндірістік тәжірибеден өтуі қамтылатын дуальдық білім беру формасын қарастыруды атап өтті. Осы орайда ол ірі және шағын бизнесті осы процеске қатысуға шақырып, әкімдер мен министрліктер және Үкімет тұтастай белсенді жұмыс жасауға тиіс екенін айтты.
Елбасы оңтүстік өңірлердің мектеп бітірушілерін солтүстікте орналасқан кәсіби-техникалық лицейлердің бос орындарында оқытуды талап етті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіби оқу орындары түлектерінің кәсіби жарамдылығына бейтарап бағалау жүйесін жасауды тапсырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: