Сотта үлгі боларлық жағдай
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының арқасында Солтүстік Қазақстан облысында бизнесмендер электр энергиясы үшін 100% алдын-ала төлем жасамайтын болды.
Бұған ӨКП және өңірдегі Монополияға қарсы инспекцияның тиімді және ширақ әрекеттестігінің арқасында қол жеткізілді.
Сонымен, жедел түрде кәсіпкерлердің өтініштерін қарастыратын Консультациялық кеңес құрылды. Бизнес тарапынан наразылықтың басым көпшілігін электр энергиясы үшін 100% алдын-ала төлем тудырды. Бизнесмендер ашу шақырып, алдын-ала төлем жүйесін қайта қарауды талап етті, себебі мұндай қаржылық жүктеме жалпы бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді.
Көптеген бизнесмендердің алдын-ала төлем жасау үшін, кредит алуға мәжбүр болғанын айта кету керек. СҚО КП сарапшысы Мұрат Жәкенов атап өткендей, бұл мәселе бизнес-қоғамдастық үшін өзекті және бизнестің де, табиғи монополиялар субъектілерінің де мүдделері теңгерімін ескере отырып, ақылмен шешуді талап етті.
«Өткенде ғана Палата мен өкілетті мемлекеттік орган – облысымыздағы Монополияға қарсы инспекцияның арқасында электрмен жабдықтаушы ұйым шарттарында алдын-ала төлем талабын алып тастауға қол жеткізілді»,- деп хабарлады сарапшы. Оның ойынша, бұл бизнестің дамуына көмектесетін, оны қолдаудағы тағы да бір қадам.
Электр энергиясы үшін 100% алдын-ала төлем институтының электрмен жабдықтауға шарттың ерекше талабы бола тұрып, СҚО-да шамамен 5 жыл бойы әрекет еткенін еске сала кетейік.
Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Монополияға қарсы инспекция «СевКазЭнерго» ЖШС қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі бойынша тергеуді бастайды. Оған негіз заңды тұлғалардың электрмен жабдықтаудың әрекеттегі шарттарынан 100% алдын-ала төлем туралы талапты алып тастауға қатысты заңды тұлғалардан түскен өтініштер болды. ҚР Азаматтық Кодексінің 488 бабының 1 тармағына сәйкес электр энергиясына төлем абонент іс жүзінде қабылдаған энергия мөлшеріне жасалады.
Осылайша, «СевКазЭнергоСбыт» ЖШС сәйкес норманы шарттан алып тастаудан бас тартуы тұтынушылардың заңды құқықтарына нұқсан келтіруден көрінген басым жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды.
Үстіміздегі жылдың 30 маусымында «СевКазЭнергоСбыт» ЖШС-на қатысты тергеу аяқталды. Әкімшілік іс қозғалып, сонымен қатар бұзушылықты тоқтату туралы бұйрық шығарылды. Оған сәйкес, серіктестік БАҚ-қа алдын-ала төлем бройынша шартты алып тастау жағынан энергиямен жабдықтаудың әрекеттегі шарттарына өзгертулер енгізгені туралы хабарландырулар беріп, сонымен қатар жаңа тұтынушылармен шарт жасасқан кезде әрекеттегі заңнама нормаларын қатаң сақтап, бәсекелестік туралы заңды бұзуға жол бермеуге тиіс.
Мұндай жағдай Батыс Қазақстан облысында да орын алған болатын. Сонымен, кәсіпорындар мен халықтан газ үшін 100% алдын-ала төлемді талап еткен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ әрекеттегі заңнама талаптарын бұзған. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратурамен бірлесіп бизнес-қоғамдастықтың жергілікті өкілдерінің құқықтарын қорғап қала алды.
Дегенмен бұл «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан негізсіз талап қоюдағы жалғыз жағдай емес. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы да газға 100 % алдын-ала төлемді тоқтатуға қол жеткізбекші. Осындай проблема Ақтөбе облысында да бар. СҚО-дағы сотта үлгі боларлық жағдай осы бір жағымсыз, созылып кеткен оқиғаның нүктесін қоюға тиіс.
Автор: Мичгона Жантенова, Шоқан Алқабаев
Иллюстрация: Балжан Балташева
Пікір қалдыру:
Пікірлер: