«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік палаталар жанынан кәсіпкерлікті дамытудың «ақыл-ой орталықтарын» құру қажет

2014 жылғы 06 Тамыз
3807 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың Маңғыстау облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесуі барысында осындай ұсыныс келіп түсті.  

Кездесу Нұржан Әлтаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өткізілді.

"ӨКП-ның кәсіпкерлер құқықтарын қорғауы және заңды мүдделерін алға тартуы дұрыс. Дегенмен ӨКП кәсіпкерлікті дамыту үшін басқа да жағдайларды жасау процесіне белсенді қатысуы қажет деп ойлаймын: бұл оқыту, инфрақұрылым, инвестициялар тарту, және де басқа маңыздылығы жағынан осыған ұқсас мәселелер. Ол үшін ӨКП жанына өзінше бір «ақыл-ой орталығын» құру қажет. Бұл орталықта өңір кәсіпкерлеріне ортақ проблемалы мәселелер қарастырылып, содан соң заңды тұрғыдан да, экономикалық жағынан да негізделген ұсыныстар шығаруға болады", - деген ұсыныс айтты Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Қуанышбек Әленов.

Әріптесінің бастамасына Өңірлік кеңес төрағасы Жаңабай Сүйіндіков, сонымен қатар кеңестің басқа да мүшелері қолдау көрсетті.

Ауылдағы бизнестің даму проблемасы туралы "Агророст" фермерлер қауымдастығының төрағасы, Өңірлік кеңес мүшесі Нұрсәуле Жиенбаева сөз қылды. "Біз Иранда болып қайттық – оларда бәрі де керемет ойластырылыпты. Мысалы, фермер көкөніс өсірумен айналысады делік. Осылайша олардың инфрақұрылымы тікелей телімге жақын әкелінген, және де мұны мемлекет қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ирандық фермерлер қаланың жанында көкөніс өсіреді, бұл өте ыңғайлы. Ал бізде өсімдік шаруашылығына жерді қаладан 100-150 километр қашықтықтан береді. Осындай жағдайларда қала айналасынан азық-түлік белдеуі қалайша құрылмақшы? Ал Президентіміз болса, алдымызға осындай міндет қойып отыр емес пе", - деп шағымданды маңғыстаулық фермерлер көшбасшысы.

"Өңірлік палаталар дирекциялары әрбір ауданның және әрбір ауылдық округтің төлқұжатын жасауға тиіс. Онда қанша кәсіпкер бар, жалпы қандай күйде, немен айналысады, ондағы инфрақұрылым қандай, ондағы жолдар және олардың жай-күйі, өндіріс пен тұтынудың теңгерімі – мұндай жұмысты бүгінгі күні әкімдік те жүргізбейді", - деп ҰКП міндетін айтып берді Нұржан Бауыржанұлы.

Өңірлік Кеңес мүшесі Виктор Кох Өңірлік Кеңес жанынан құрылған комитеттердің функциялану проблемасын белгіледі. "Бізде жеке штат жоқ. Төрт салалық комитет құрдық, бірақ ағымдағы жұмысты жасайтын ешкім жоқ. Сондықтан да мұндай комитеттердің нәтижесі болмайды. Әрбір комитет үшін ең құрығанда бір-бір штаттық бірліктен қарастыру қажет, сонда ғана біршама тиімді жұмыс жасауға болады ", - деп ұсынды Виктор Михайлович.

Кездесу барысында маңғыстаулық кәсіпкерлерді толғандырып жүрген басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары кездесуді қорытындылай отырып, Астанаға келісімен ҰКП-ның барлық департаменттерінің директорларымен жеке жиналыс өткізіп, онда жұмыс сапары барысында анықталған Маңғыстау кәсіпкерлігінің проблемаларын қарастыратындығына сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер