«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық бизнестегі 5 кедергі

2014 жылғы 05 Тамыз
4865 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үстіміздегі жылдың сәуір айында Ақмола және Қарағанды облыстарында «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингінің аясында пилотты түрде әлеуметтік зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 57 кәсіпкер қатысты.

Бұл талдау мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасап отырғандығына және ҰКП жүзеге асырып жатқан бизнестің мүддесін қорғау шараларына қарамастан, бизнестің дамуына бұрынғыша бірқатар жүйелік проблемалар бөгет болып жүргенін көрсетті. Сонымен, респонденттер бизнестің негізгі проблемаларына мыналарды жатқызатындықтарын мәлімдеді:

  • құқықтық қорғалудың төмендігі;
  • заңнамалық базаның жетілмегендігі;
  • жемқорлықтың жоғары дәрежесі;
  • кредиттік қаражатты алудың проблемалылығы;
  • өңірлердегі кадрлық әлеуеттің төмендігі.

 

Кемелденуде шек жоқ немесе Заңнамалық базаның кемеліне келмеуі

Заңнамалық базаның жетілмегендігін пайыздық қатынаста Ақмола облысы респонденттерінің 41%-ы және Қарағанды обылсында 46% атады.

Бұл жағдайдағы заңнамалық базаның жетілмегендігін растау кәсіпкерлердің өздерінің құқықтық сауатсыздығының көрсеткіші болып табылуы мүмкін екендігін атап өтуге болады, себебі ҚР Үкіметі ҰКП-мен бірге біртіндеп нормативтік құқықтық базаны жетілдіруде және бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуде. Бұған дәлел – «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша 50 үздік ел арасындағы Қазақстанның орны.

 

Ұлттық парақорлық ерекшеліктері немесе Пара туралы

Жемқорлық жайын сөз ететін болсақ, Ақмола облысында сұралғандардың 24% жемқорлықтың жоғары деңгейін көрсеткен.

Екі өңірдің де бизнесмендері жемқорлық ықтималдығы ең жоғары деп санитарлық-эпидемиологиялық қызметті және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментті атаған, ал жұмыс тиімділігі жергілікті атқарушы органдарда, яғни әкімдіктерде төмен болып шыққан.

Бір қызығы, отандық кәсіпкерлер, Ресейде орын алғандай, жемқорлықты қандай да бір ұлттық ерекшелікке баламайды, және де жемқорлықпен күрестің тиімді тәсілдерін пара алғаны үшін жазаны күшейтуден, дайындалып жатқан пара алу туралы хабарлап жеткізгені үшін ынталандыру жүйесін жетілдіруден және кеңейтуден, жемқорлық үшін сотталған шенеуніктердің осыдан кейінгі мансап жолын кеңінен танытудан көріп отыр.

Респонденттердің жартысынан көбі, Ақмола облысында 75% және Қарағанды облысында 60%, жемқорлықпен күрестің ең ықпалды әдісі «пара бермеу» деп санайды.

 

Қаржы әндетпейді, қаржы өздігінен өспейді немесе Шағын және орта бизнестің қаржылық жағдайы

ШОБ-тың қаржылық жай-күйіне баға бергенде әрбір бесінші кәсіпкерге бизнесті қолдау үшін қаржының жетіспейтіндігі анықталды. Сонымен қатар, екі өңірдегі сұралғандардың 50%-дан астамы қаржылай қаражаттың бизнесті кеңейтуге емес, қолдауға ғана жететіндігін атаған.

ШОБ субъектілері екі өңірдегі қаржы институттарының қызметіне баға бере отырып қаржылай қаражатты алудағы проблемалар кредиттеу кезіндегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер, кепілдеме проблемасы мен төрешілдік, банктердегі құжаттардың үлкен тізбесі мен оларды қарастырудың ұзақ мерзімі болып табылатындығын атайды.

ҚР ҰКП мұндай жағдайда Өңірлік даму министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Бизнестің жол картасы – 2020», «Даму-Өндіріс» және «Өнімділік-2020» сияқты әрекеттегі мемлекеттік бағдарламалардың аясындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдікпен кредиттеуді жүзеге асыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуі керек деп есептейді.

 

Проблема Ақмола Қарағанды

кредиттеудегі жоғары пайыздық мөлшерлеме

82% 52%

кепілдемемен проблема

50% 30%

бюрократия, банктердегі құжаттардың үлкен тізбесі және оларды қараудың ұзақ мерзімі

46% 30%

Ұлттық Банк өз кезегінде ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша бірлескен әрекеттер Жоспарының аясында қабылданған шаралар туралы ақпаратты дүкін-дүркін жариялап отыруға тиіс.

Сонымен қатар, орталық мемлекеттік орган ҰКП, Ұлттық Банк және ЕДБ бірлесіп ЕДБ талап ететін құжаттар тізбесі мен өтінімдерді қарастыру мерзімдерін бірегейлендіру; ЕДБ-мен ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін және аудан орталығынан шалғайда орналасқан ШОБ үшін минималды талаптарды орнату туралы мәселені пысықтау; мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау көрсетуден дәлелсіз бас тартқан жағдайда ЕДБ жауапкершілігін орнату жағынан әрекеттегі заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру және осы төңіректегі талықлауды жүргізу қажет.

Сондай-ақ жоғарыда аталған институттардың 5-8% пайыз аралығындағы төмен пайыздық мөлшерлемені және кредиттеудің 15 жылға дейінгі ұзақ мерзімін қарастыратын жеңілдікті шарттарында кредиттеу туралы және кепілдемелік мүлікті қамтамасыз ету бойынша ЕДБ талаптарын жеңілдету туралы мәселені қарастыруы қажет.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдар жұмысы мен екінші деңгейлі банктер талаптарының іштей келісілмеуі де бар. Мұндай жағдайларда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕДБ ішкі әкімшілік бұйрықтарынан заңдардың мәртебесі жоғары тұратындықтан, заңдар сатысы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді тәртіпке келтіру бастамасын көтеретін болады.

 

Қағаз тұтқынында немесе Мемлекеттік бағдарламалар жұмысы

Ақмола және Қарағанды облыстарындағы респонденттердің сәйкесінше 82% және 60% пкірінше, ШОБ дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін негізгі кедергі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы ұйымдар – «Даму» КДҚ, Қазагрофинанс және т.б. талап ететін құжаттардың үлкен тізбесі болып табылады.

Осыған орай, бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын орталық мемлекеттік органдардың ШОБ дамытуға қаржылай қаражат алуды жеңілдету үшін талап етілетін құжаттар тізбесін оңтайландыру мүмкіндігін қарастырғаны дұрыс.

Шағын бизнеске ықпалды қолдау көрсету бойынша шаралардың бірі шағын кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз ететін тиімді инфрақұрылым нысандарының болуы болып тбылады. Алайда, сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарындағы сұралған респонденттердің сәйкесінше 86% және 72% бизнес-инкубаторлар, технопарктер, ӘКК, КҚО және КҚКО қызметтерін қолданбайтын болып шықты. Бұған ЖАО ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әлсіз жүргізуінің нәтижесінде бизнесті қолдаудың әрекеттегі инфрақұрылымы туралы кәсіпкерлердің білмеуі немесе бизнес-инкубаторлар, технопарктер, ӘКК, КҚО және КҚКО көрсететін кәсіпкерлерге арналған консультациялық және басқа да қызметтер сапасының төмендігі сияқты факторлар әсерін тигізуі мүмкін.

 

Кадрлар соңына түсу немесе Өңірлердің кадрлық әлеуеті

Рейтинг нәтижелері бойынша ШОБ дамыту үшін өткір проблеманың бірі, респонденттердің пікірінше, өңірлердегі кадрлар әлеуеті біліктілігінің жеткіліксіздігі болып табылады.

Оның үстіне Ақмола және Қарағанды облыстарындағы сұралғандардың сәйкесінше 75% және 65% жақсы мамандардың, атап айтқанда, инженерлік және техникалық бейндегілердің өте аз екендігін атап өткен. Бұл кәсіпорын өнімділігін көтерудегі ішкі кедергілердің бірі болып табылады.

Ақмола және Қарағанды облыстарындағы сұралған кәсіпорын басшыларының сәйкесінше 32% және 52% жалдаған мамандарды қосымша оқытуға тура келетіндігін атайды. Ал бұл кәсіпорынның қосымша қаржылай шығындарын талап етеді.

«Даму» қоры мен ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, әрекеттегі білім беру бағдарламаларының аясында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары Қазқастандағы ШОБ-тың, жеке кәсіпкерлерді және фермерлік/шаруа қожалықтарын қосқанда, тек 10% қамтиды екен.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыс және аудан орталықтарындағы оның өңірлік өкілдіктерінің кәсіпкерлер арасында «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында бизнесті сервистік қолдаудың әрекеттегі тегін және қолжетімді шаралары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуі қажет, сонымен бірге ауылдық жердегі бизнеске «бастауыш» оқытуға ерекше көңіл аударту керек.

 

Қорытынды немесе Түйін

Пилоттық талдаудың жаңа проблемаларды ашпағанын, тек заңнаманы реформалауға сенімді бекіткенін және ақпараттық жұмыстың маңыздылығын ерекшелеп бергенін атай кету керек. Жалпы, өңірлердегі кәсіпкерлік жай-күйге негізгі факторлардың әсер ету деңгейі – орташа.

Кәсіпкерлер жеткізген әрбір мәселенің өзінше бір жүйелік шешімі бар. ЖАО тиімсіз жұмысы мен азаматтардың өтініштеріне салғырт қарау ҚР Үкіметі тұрғысынан әкімдіктер мен басқа да аумақтық органдардың қызметіне бақылауды күшейтуі есебінен жойылуға тиіс.

Жартысы дерлік бизнес мүддесіне қалай да қатысы бар шамамен 45-ке жуық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тұрғысына келсек,  олардың тиімділігіне тәуелсіз және объективті талдау жүргізу қажет.

Бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту үшін, ШОБ субъектілеріне сапалы сервистік қолдау көрсету арқылы кәсіпорын жұмыскерлерін жүйелі түрде даярлау және біліктіліктерін көтеру жолымен кадрлық әлеуетті жақсарту жұмыстарын үнемі жүргізіп тұру керек.

Кәсіпкерлердің құқықтан хабардарлығын көтеру мақсатында орталық және жергілікті органдар, ҰКП мен ӨКП жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын үнемі жүргізіп отыруға тиіс.

Жалпы, өңірлердің өзара әрекеттестігін шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу жағынан да, түрлі өңірлер кәсіпкерлерінің тәжірибелік шаруашылық әрекеттестігін ұйымдастыру тұрғысынан да жөнге салу қажет.

Қазіргі уақытта «Іскерлік климат» рейтингінің аясындағы зерттеу барлық өңірлерде жалғасуда және қалалардағы, аудан орталықтарындағы респонденттерді кеңінен қамтудан тұрады. Алынған мәліметтер елдегі таза кәсіпкерлік климаттың дамуына әсер ететін сыртқы факторлардың толық талдауын жүргізуге көмектеседі.

Сонымен бірге, Ұлттық палатаның ұстанымы кәсіпкерлердің өздерінің жауапкершілігін арттыру және барлық бизнес-қоғамдастықтың әлеуетін анықтау арқылы кәсіпкерліктің ішкі ортасын зерттеу арқылы «Іскерлік климат» рейтингін жетілдіруге бағытталған.

Еліміздегі кәсіпкерліктің қалыптасуы өзіндік ерекшелігі бар процесс болғандықтан, кәсіпкерлік қызметпен айналысуды таңдағандағы адамдардың ішкі алғышарттары мен түрткілерін, психологиялық, кәсіби және тұлғалық сапаларын зерттеп-білу қажеттілігі туындайды. Бұл нарықтық жүйенің өзінің қызмет етуіне де қажет, себебі кәсіпкер тұлғасы адами фактор ретінде онда маңызды роль атқарады. 

Автор: Мичгона Жантенова

Иллюстрация: Балжан Балташева


Еншілес ұйымдар

Серіктестер