Нұржан Әлтаев: Біз кәсіпкерлерге деген қатынасымызбен оларды «таңырқатуға» тиіспіз
Кәсіпкерлерге бейқаржылық қолдау көрсету бойынша бүгінгі күнгі мемлекеттік бағдарламалардың барлығы – сервистік қызмет көрсету, оқыту, бизнесті жүргізу үшін қажет инфрақұрылым жасау – бір үлкен бағдарламаға біріктірілмекші. Оның әкімшісі ҚР ҰКП болады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Ақтауға жасаған сапар барысында хабарлады. Ол сонымен қатар Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығына осы мемлекеттік бағдарлама жобасына қолда бар ұсыныстарды енгізуді ұсынды.
«Басқа өңірлерде кәсіпкерлер алдында іс жүзінде Маңғыстау бизнесмендеріндегідей проблемалар тұр, және де олар Ұлттық және өңірлік палаталардың ортақ күштерімен шешілуге тиіс», - деп атап өтті Нұржан Әлтаев.
Ақтау қаласындағы жаңа КҚКО ғимараты
Ақтауда ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары өңірлік кәсіпкерлер палатасының жаңа кеңсесінде болып қайты. Осы кеңсенің базасында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) ашылады деп күтілуде.
Нұржан Әлтаев ӨКП қызметкерлерін бірінші кезекте кеңсеге келген кәсіпкерлерге көңіл бөлуге шақырды.
Ол ҰКП-ның «Бизнестің жол картасы-2020» аясында бизнеске сервистік қолдау сияқты компонент бойынша кәсіпкерлікке бейқаржылық қолдаудың операторы болып отырғанын атап өтті. Осы бағыттың аясында кәсіпкерлерге кәсіпорынды ашуда және жабуда, бухгалтерлік есеп пен аудит жүргізуде, ІТ-қызметте көмек көрсетілетін болады, сондай-ақ салық және құқықтық мәселелер тегін қарастырылатын болады.
"Біз кәсіпкерлерді оларға деген қатынасымызбен «таңқалдыруға» тиіспіз - сыпайылықпен, әдептілікпен және ықыласымызбен. ҰКП үшін дайындайтын кез-келген, тіпті ең тығыз құжат кәсіпкердің сұрауы мен тілегін қанағаттандырмайынша, кейінге шегеріле тұруға тиіс. Ол өзіне деген адамгершілік қатынасты сезінуге тиіс ", - деп түйіндеді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: