«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңадан құрылған Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығы (ҚТАҚ) ҰКП құрамына кіруге ниетті

2014 жылғы 01 Тамыз
5239 просмотров

ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментіне бұл туралы «Tourmagazine» ЖШС директоры Әсел Нұркебаева хабарлады.

Әсел Нұркебаеваның айтуынша, туристік сала – кез-келген ел экономикасындағы күрделі салалардың бірі. Көп нәрсе адами факторға тәуелді. Нарықтағы бәсекелестік және көптеген ұсыныстар шартында форс-мажор жағдайларына икемделуге тура келеді.

«Қазақстандық нарық бірнеше жыл бойында қандай да бір компанияның банкроттық жағдайының ұлғаюына және жиілеуіне жоспарлы түрде жылжып келеді. Дамушы нарық жағдайында шетелдік туроператорлармен ғана емес, авиатасымалдаушылармен де проблемалар туындап жатты. Нарыққа өзін-өзі реттеуші орган қажет, себебі туризм саласында кәсіпқойлардан басқа ешкім де бұл саланың өзгешеліктерін тәртіпке сала алмайды», - деп атап өтті Әсел Нұркебаева.  

Бір айта кететіні, былтыр туризм индустриясы субъектілерінің «Байтақ» тұтынушылық кооперативі («Байтақ» ТИС ТК) ұйымдастырылған болатын.  «Ол осындай жағдайларда тұрақтандыру қорын (сақтық қорын) қолдана отырып, уақытында әрекет ету үшін құрылған еді», - деп түсіндіре кетті «Tourmagazine» ЖШС директоры.

Оның ойынша, «біздің мемлекеттік органдар қазіргі сәтте шығындарға ұшырай отырып, туризм, сақтандыру секторы және басқа да салалардағы бұрыннан келе жатқан заңнаманы ретке келтіретіндей жағдайда емес».

«Біз үніміз естілсін деп, Турагенттер мен шағын туроператорлар қауымдастығын құруды шештік. ҚТАҚ нарыққа қатысушылар мемлекетпен бұрынғыдан да тығыз ынтымақтастық орнату үшін күштері мен білімдерін біріктіре алсын деген оймен құрылды», - деген түсінік берді Әсел Нұркебаева.  

Ол сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кіру – бұл негізгі міндеттердің бірі, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық бағытындағы қажет қадам екендігін баса айтты.

«ҰКП негізі қаланған сәттен бері туризм нарығында алға жылжулар байқалуда, және де біз болашақ жобалар мен ҚТАҚ ынтымақтастығы жемісті болады деп сенеміз. Біз өзара пайда келтіре аламыз», - деп қорытты «Tourmagazine» ЖШС директоры Ә.Нұркебаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер