Қазақстанда дуалды оқытуды енізудің жол картасы бастау алды
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрілігімен бірлесіп Дуалды оқытуды енгізудің жол картасын таныстырды.
Осы жылдың сәуірінде Ұлттық палатаның бастамасымен Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҰКП арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, техникалық және кәсіптік кадрларды даярлау жүйесін айтарлықтай жетілдіруге арналған бірлескен әрекеттердің кезең-кезеңдік жоспары бекітілген еді.
Жол картасының мәтінімен мына жерде таныса аласыз.
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев атап өткендей, қазірде маңызды және өзекті мәселелердің бірі кадрларды олардың отандық кәсіпорындардағы талап етілуін ескере отырып даярлау болып табылады. Ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Дуалды оқытуды енізудің жол картасын жасап шықты. Ол өңірдің машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы, сервис, көлік, құрылыс және басқалары сияқты 11 басымдылықты саласынан тұрады.
«Бұл бағдарламаға сәйкес 170-тен астам колледж 2014-2016 жылдар бойында шамамен 400-ге жуық кәсіпорын үшін 83 мамандық бойынша 10 мыңнан астам маман даярлайды. Мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктіліктерін көтеруді, сондай-ақ сертификаттауды сонымен қатар оқу орталықтары мен кластерлер жүзеге асыратын болады», - деп ақпараттандырды Нұржан Әлтаев.
Оның айтуынша, Жол картасында әрбір облыстың басымдылықты дамуы және 2015-2019 жж. Өңірдің мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобалар жеке бағанмен берілген.
Сонымен қатар, аталып өткендей, Картаға 2013 жылдан бері дуалды оқыту элементтерін енгізу туралы жариялаған Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының дуалды оқытуды енізу жобаларында қарастырылған колледждер тізімі кіреді.
Сондай-ақ ҰКП Білім және ғылым министрлігі және «GIZ» халықаралық неміс қоғамымен бірлесіп эксперимент аясында 4 өңірдің колледждері мен кәсіпорындарында дуалды оқытуды енізуді жоспарлап отыр.
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұржан Әлтаев хабарлағандай, Білім және ғылым министрлігімен бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша кадрларды даярлау және дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша әкімшілік кедергілер тудырушы 17 нормативтік-құқықтық актіге өзгертулер енгізілген. Өзгертулер үстіміздегі жылдың қыркүйегіне дейін қабылданбақшы.
Өңірлерде кәсіпорындар мен оқу орталықтарының басшылары ҰКП мен Білім және ғылым министрлігінің бастамасына жағымды баға бергенін айта кету керек.
Оңтүстік Қазақстан облысы «Бiлiкті маман» оқу және ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлнар Үсенова орталықтың тікелей дуалды оқыту жүйесі бойынша жұмыс жасап жатқанын атап өтті.
«Оқу орталығы көпшілігі қызметін енді ғана бастаған 42 кәсіпорын шоғырланған индустриялық аймақта орналасқан. Және де қазір оларда мамандар жетіспей жатыр», - деді оқу орталығының директоры.
Гүлнар Үсенованың сөзіне сүйенсек, орталық кәсіпорындарды, зауыттарды аралап, қай жерде, қандай кадрлар керек екендігін анықтай жүріп, дуалды жүйені енгізу мақсатында белсенді жұмыс атқарды, жұмыс берушілерде өтінімдер қабылдады. Мәселен, ірі кәсіпорын «Отау-стройға», кейін анықталғандай, менеджерлер қажет екен.
«Біз кез-келген мамандарды дайындауға келісеміз, себебі орталығымыз еңбек нарығына бағдарланған. Екі тарап бар: кәсіп алуға ниеттілер және оларды жұмысқа қабылдауға келісушілер. Біздің міндет – осы зауыттарда жұмыс жасайтын жұмыскерлерді беру», - деп атап өтті оқу орталығының директоры.
Павлодар мұнай-химия зауытының директоры Шухрат Данбай айтып бергендей, Павлодар химиялық-механикалық колледжінің ондаған студенті өзінің оқу уақытының 60 пайызын зауытта өткізеді екен. Оның сөзіне сүйенсек, теорияны тәжірибемен бекіту – олар үшін жай ғана сөз емес. Колледждің өзінде және кәсіпорында студенттер үшін арнайы заманауи химиялық зертханалар мен шеберханалардың бүтін бір кешені жабдықталған. «Ежелден тұйықталған шеңбер: жұмыс берушілерге тәжірибелі кадрлар қажет, ал егер еңбек кітапшасында еш жазба жоқ түлектің жұмысқа тұруы оңай емес болса, осы қымбат тәжірибені қалай алу керек? Бұл проблема кәсіптік және техникалық мамандықтар үшін ерекше өзекті, себебі теория көбінесе тәжірибелік жұмыстан алшақ қалып қояды. Бұл тәуелділікті жоюға дуалды оқыту көмектеседі: студент өз оқуының жартысын колледж аудиторияларында емес, тікелей әрекеттегі цехта немесе зертханада өткізеді», - деп атап өтті Шухрат Данбай.
Шухрат Данбай
ПМХЗ басшысының айтуынша, бүгінде зауытта 44 студент дуалды оқыту жүйесі бойынша іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Осы пилоттық жобаға екі мамандықтың студенттерін кіргізген – мұнай және газды қайта өңдеудің болашақ технологтары мен жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету бойынша мамандар аптасына екі күн колледжде, қалған күндері зауытта болады, оның үстіне барлық зауыттағылар сияқты таңғы 8-ден кешкі 17-ге дейін. Кәсіпорындағы дуалды оқытуға арналған алаң ретінде жөндеу-механикалық база алынды. Тіпті студенттер үшін арнайы форма тігіліп, машықтандыруға төлеу үшін шағын жалақы ұсынылды.
«Дуалды білім берудің бір жарым жылы балаларды дағдылармен ғана емес, әлеуетті жұмыс орнымен де қамтамасыз етеді. Кәсіпорын ұжымының соңғы жылдары айтарлықтай жасарғанын атап өту керек, ал ПМХЗ жетілдіргеннен кейін бұл жерде тағы да 300 бос орын пайда болады», - деп қорытындылады Шухрат Данбай.
Бақтияр Алдашов, «Talas Investment Company» ЖШС бас директоры
Қазір техниканың заманы. Бірақ, бізде замануи техниканың тілін білетін мамандарды шаммен іздеп таппай қалатынымыз рас. Сондықтан бұл дуальді оқытудың пайдасын әлі талай көреміз деп ойлаймын.
Мен басшылық ететін «Talas Investment Company» ЖШС-нің құрылғанына көп болған жоқ. Біздің зауытта натрий цианиді өндіріледі. Өздеріңіз білесіздер, бұл алтын өндірісіне аса қажет металл. Индустриаландыру картасы бойынша салынған зауытты іске қосар кезінде кәсіби мамандарды таппай қиналдық.
Бақтияр Алдашов
Ал, қазір біздің зауытта 19 студент жұмыс істейді. Олар №2 Қаратау колледжінде білім алып жатқан жастар. Теорияны колледж қабырғасынан оқып келіп, оқу бағдарламасы уақытының жартысынан көбін бізде өткізеді. Тәжірибе жинайды, еңбегіне қарай ақысын алып отыр. Есесіне, ертең колледжді бітірген кезде білікті маман болып шыға келеді. Содан кейін, біз де кадр мәселесіне алаңдамаймыз. Дуальді оқыту - біздің талаптарымызға сәйкес мамандарды іздеу, дайындау, біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды үнемдеп, кадрларды дәл тапсырыс бойынша дайындауға мүмкіндік береді.
Дуальді оқытудың жол картасы енді-енді енгізіліп жатыр ғой. Сондықтан, биыл біз тек осы 19 студентті қамтыдық. Алдағы уақытта,бұл тәжірибені дағдыға айналдырмақпыз.
«Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясы» ЖШС директоры Білгібай Қанафин де ҰКП мен БҒМ идеясын қолдады.
Білгібай Қанафин
«Жұмысқа тұрғызу мәселелерімен, соның ішінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы және өндірістік іс-тәжіибеден өту бойынша, кәсіпкерлер палатасының филиалы айналысатындығына қатты қуанып отырмын. Онда кәсіпорындардағы кадрларға деген қажеттіліктер жайын жақсы біледі», - деді ол.
Білгібай Қанафиннің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Аққайың ауданындағы филиалмен және Аграрлық колледжбен жасалған жастар іс-тәжірибесі жөніндегі үш жақты шарттың арқасында кәсіпорын жұмысқа бірден тоғыз бітірушіні алған. Олардың барлығы өз мамандықтары бойынша жұмыс жасайды – ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі және екі бөлім бойынша бөлінген. Олардың жұмысын бригадирлер мен техника бойынша есепшілер басқарады.
«Колледж түлектері үшін жастардың іс-тәжірибесі – кәсіби тәжірибе алудың, өзін көрсетудің және осыдан кейінгі жұмысқа тұру мүмкіндігін алудың, ал біз үшін – олардың білімін тексерудің, жұмыста сынаудың және өзімізге істе тексерілген жақсы қызметкерлер даярлаудың жақсы мүмкіндігі. Іс-тәжірибе аяқталысымен олардың арасынан төртеуін жұмысқа алуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан да жастар іс-тәжірибесі бойынша жұмысқа тұрғызуды мемлкеттік қолдаудың қажет шарасы деген ойдамын. Біріншіден, түлектерде өзін көрсету, болашақ жұмыс берушіге кез-келген лауазымға дайындығының тәжірибелі мамандардан кем еместігін дәлелдеуге мүмкіндік пайда болса, екіншіден, жұмыс берушілерде даярланып қойған маманды жұмысқа алудың жақсы мүмкіндігі туындайды. Бастысы – түлектерді жастар тәжірибесі бойынша бекітуге дұрыс тұрғыдан келу, яғни оларды шынымен де бос орындар бар ұйымдарға жолдау», - деп атап кетті ЖШС басшысы.
«ЭЛМО» АҚ Атырау монтаждау басқармасының бастығы Арман Жарылғасов сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасымен және облыстағы Білім беру басқармасымен энергетикалық колледж студенттерін теорияға 2 сағат, іс-тәжірибеге 4 сағат берілетін 2+4 қағидасымен іс-тәжірибелік сабақтармен қамтамасыз ету туралы келісімнің бар екендігін айтып кетті.
«Дуалды жүйе оған қатысушы барлық тараптардың – кәсіпорын, жұмыскерлер, мемлекеттің мүдделеріне жауап береді. «ЭЛМО» АҚ үшін – бұл жұмысшыларды іздеу және іріктеу, оларды қайта оқыту және бейімдеу бойынша шығындарды үнемдей отырып, өзі үшін кадрлар даярлау мүмкіндігі. Студенттер үшін дуалды оқыту – ерте дербестік алып, ересектер өміріне жеңіл бейімделудің ерекше мүмкіндігі. Оқу кезінде-ақ олар кәсіпорындағы еңбектері үшін ақшалай сыйақы алады, ал оны аяқтағаннан соң өздері жақсы даярланған жұмысына тұрады», - деп түйіндеді Арман Жарылғасов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: