«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Саяхаттарымызды құтқарыңыздар!

2014 жылғы 24 Шілде
3985 просмотров

Қазақстандағы туристік маусым биылғы жылы басталмай жатып проблемаға белшесінен батты.

Түркияда демалып қайтуға жиналған мыңдаған адам шабадандарын арқалап әуежайда қалды. «Гүлнар – тур» компаниясынан алған жолдамалары қолда болса да, олар мезгілінде елден ұшып кете алмады. Жолаушыларды тасымалдауға тиіс түрік әуе компаниясының ұшағы оларды алып кетуге келмеді.

2012-2013 жылдары да дәл осынадй жағдай орын алған еді. Онда мыңдаған қазақстандық туристер жоспарлап қойған демалыстарына бара алмай қалып еді,  ал «түрік жағалауына» жету және Жерорта теңізінде демалу бақытына ие болғандар ақырында үйлеріне қайта алмай қалған болатын.

Тәжірибе мұндай даулы және қалыптан тыс жағдайларда басқаның кінәсінен қиын жағдайда қалған – зардап шеккен туристердің мәселелерін жедел шешу қажет екендігін көрсетеді. Осындай оқиғаларда мемлекеттік органдардың әрекет жасау сызбасы бар ма? Жеке меншік туроператор құру осындай мәселелердің туындауын түбегейлі шешіп бермейді ме? Және де, соңғысы, болған оқиға үшін жауапкершілікті кім алады?

Бір айта кететіні, еуропалық елдердің көпшілігінде туристік қызметтерді тұтынушылардың мүдделері сақтандыру және кепілдемелік механизмдерді қоса заң жүзінде бекітілген. Кез-келген форс-мажор жағдайында еуропалық туристің құқықтары қорғалып, шығындардың орны толтырылады. Өкінішке орай, қазақстандық туристердің бұл жайды тек армандауына ғана тура келеді...

 

Соңының бастамасы

Соңының бастамасы «Гүлнар-тур» компаниясы мен «Atlas Jet» түрік әуе компаниясы төңірегіндегі жағдай болды. Шамамен 30-ға жуық турагент туристердің тасымалдануы мен отельдерге орналастырылуын жүзеге асыра алмаған. Тек Астана мен Қарағандыда ғана зардап шеккендердің саны 1,4 мың адамнан асып түскен.

Туризм индустриясы комитеті өз кезегінде жедел желі телефондарын орнатса, ал Комитет Төрағасы Марат Иғали әлеуметтік желілерде барлық зардап шеккендерді үн қатуға шақыруда.

Турагенттіктер сонымен қатар отандық туристердің проблемаларынан қашпай, бұрынғыдан да белсене түсті.

 

Бүкіл әлем болып

Бұл күйінішті оқиғаның десек те болады, бір жақсы жері бар: орын алған жағдай туристік салаға қандай да бір қатысы барлардың барлығының шоғырлануына жәрдемдесті.

Сонымен, қазақстандық туристердің «Гүлнар-тур» арқылы алынған билеттері бойынша тасымалдауды міндетті орындау мәселесінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатаң позиция ұстануда.

Азаматтық авиация комитеті, Туризм индустриясы комитеті, «Atlas Jet» әуе компаниясының басшылығы, көлік прокуратурсы және зардап шеккен турагенттер қатысуымен өткен кеңейтілген жиналыста Ұлттық палатаның Азаматтық авиация комитетіне ИАТА (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) сараптамалық қорытындысын алғанға дейін әуе компаниясының ұшуларды орындауға рұқсатын уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін қарастырсын деп үндеу айтуы ұйғарылған еді. Сонымен қатар ұшуларды тоқтатудың заңдылығы мәселесі де алға тартылды. Әрекеттегі заңнамаға сәйкес, тұрақты ұшуларды орындауды тоқтатқан жағдайда әуе компаниясы жолаушыларға сатып алған билеттерінің құнын өтеп беруге тиіс.

Заңнаманы сақтаудың қажеттігі туралы өз ұстанымын жеткізген Ұлттық палата «Atlas Jet» компаниясына ұшуларды қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінді. Оған жауап ретінде түрік әуе тасымалдаушысы қолдарында әуе билеттері бар қазақстандық туристерді алып кетуге өзінің дайын екендігін мәлімдеді.

Туристік сала комитеті Хатшылығының хатшысы Олег Мецик айтып кеткендей, «Atlas Jet» түрік компаниясы өз еркімен «Гүлнар-тур» компаниясы жасаған тәуекелдерді мойнына алуды шешті.

«Біздің ойымызша, түрік әуе компаниясы қазіргі туристік маусымның құлдырауын болдырмау мақсатында қазақстандық туристерді тасымалдау туралы шешім қабылдай отырып, қалыптасқан жағдайға жауапкершілікпен қарап отыр», - дейді Мецик.

Хатшының ойынша, бұл нәтижелерге туроператорлар мен турагенттердің бірлесуінің арқасында қол жеткізілді.

«Мұндай жағдайлар 2012 және 2013 жылдары да орын алған еді. Алайда дәл биыл бірлесе отырып, біз осы мәселелерді шешуде шынайы прогреске жете алдық», - деп түйіндеді Олег Мецик.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауынсыз бұл мәселені туроператорлардың өздері шешу өте қиын болар еді.

Қазақстан Республикасы Туроператорлар қауымдастығының өкілі Лаура Ғалиева айтып кеткендей, мұндай проблемалар шығатын чартерлік нарықта жыл сайын туындап жатады. Оның айтуынша, 2013 жылы бұл Sky Airlines түрік әуе компаниясының банкроттығынан көрінсе, 2012 жылы болгар құрылтайшылармен «On Travel» банкроттығы орын алды. Бұрындары шетелдік компаниялардың қатысуымен осыған ұқсас көптеген жағдайлар орын алып отырған, бірақ жыл өткен сайын олардың көлемі бұрынғыдан да арта түседі.

«Осы жылдар бойы даусымыз жетер деген үмітпен талай есікті қақтық, дегенмен біздің проблемаларымыз ешқашан да шешілген емес. Қауымдастықтар бытыраңқы болды, бір жерден шығатын объективті пікір болған жоқ. Бірақ биылғы жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы бір өткір мәселені шешуге көмектесуі бизнесте шынайы қолдау пайда болғанын көрсетті. Сондықтанда мен мұны қазақстандық бизнестегі болашақ табыстардың кепілі деп есептеймін», -  деп мәлімдеді Лаура Ғалиева.

ҚР Туроператорлар қауымдастығының өкілі атап өткендей, «чартерлік рейстер төңірегіндегі ахуал туризмдегі реттеу жүйесінің қаншалықты жетілмегендігін және билік органдары мен туристік салада жұмыс жасаушы компаниялар арасындағы әрекеттестіктегі Ұлттық палатаның ролін күшейту қажеттігі қаншалықты пісіп-жетілгенін тағы да көрсетіп отыр».

Елордалық туризм қауымдастығының Президенті Рысты Қарабаева Елордалық туризм қауымдастығының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, Азаматтық авиация комитетіне әуе компаниясының тұрақты рейстерге рұқсат ала отырып іс жүзінде Анталияға чартерлік рейстерді орындап жүргенін көрсете отырып, бірнеше рет хат жазғанын мәлімдеді.

«Деректер көз алдымызда тұрды: әуе компаниясының Қазақстанда өкілдігі болмады, әуе кассаларында билеттер еркін сатылымда сатылмады. Мемлекеттік органдар – Азаматтық авиация комитеті, Туризм индустриясы комитеті жағдайды толық бақылаған жоқ», - деді елордалық туризм қауымдастығының басшысы.

Оның айтуынша, өткен жылдардың тәжірибесі жыл өткен сайын қайталана беретін проблеманың өз шешімін таппағанын көрсетті. 

«Биыл алғаш рет турбизнес өкілдері ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен бірлесіп, күрделі келіссөздер мен жиналыстар жолымен маусым аяқталғанша қолында билеті бар туристерлі тасымалдауға әуе компаниясының келісімін ала алды. Ең басты нәтиже – бұл турагенттіктердің өз клиенттеріне негізі бөлік – тасымалдауды өтей отырып, демалысын ұйымдастыра алуы», - деп атап кетті Рысты Қарабаева.

«Саят» турфирмасының Бас директоры, ҚР Туроператорлар қауымдастығының, Елордалық туризм қауымдастығының мүшесі Инна Рей, жалпы, отандық туризм нарығы үшін жаңа болып табылмайтын бұл жағдайдың қазіргі сәтте өзінің жағымды жағына шешімін тауып жатыр деген ойда.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес мүддесін қорғауды өз міндеті деп көру позициясының арқасында біз туындаған жағдайдың басын ашып, ең құрығанда, жартылай жеңілдетіп, кейбір қитұрғы мәселелерді шеше алдық.

Ұлттық палата Азаматтық авиация комитетімен, Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп, жағдайды меңгеріп кете алды. Осыдан келіп, туризм нарығында салмақты орын тепкен әуе компаниясы төлемдер түсу мәселесін алып тастай отырып, жолаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін мүмкіндікті іздеп тапты», - дейді Инна Рей.  

 

     2012 жылдан бергі Қазақстандағы шығатын туризм проблемалары

Күні

Оқиға көлемі

2012 ж. мамыр

Хайнянь (Қытай) аралынан Қазақстанға 200 турист уақытында қайта алмаған. Азаматтар қазақстандық әуе тасымалдаушы чартерлік рейстің Боинг 757 ұшағындағы ақаулардың салдарынан қытайлық әуежайда отырып қалды.

2012 ж. 15 тамыз

«On travel» компаниясының қаржылай пробеламаларына орай жүздеген туристер Грекияға демалуға бара алмай қалды. Сондай-ақ 100-ден астам турист Крит аралынан (Грекия) кері қарай Қазақстанға уақытында орала алмаған.

2013 ж. маусым

Анталияда 1018 турист  Sky Airlines түрік әуе компаниясының банкроттығының салдарынан ұшып шыға алмаған. Осының салдарынан Қазақстанның ТЖМ ұшақтары Түркияда «тұтылған» туристерді отанына алып қайтады.

2014 ж. қаңтар

Жүзге жуық қазақстандық турист Тайландтан Қазақстанға уақытында ұшып шыға алмайды. Олар жолдамаларды сатып алған «Гүлнар-тур» туристік компаниясының өкілі сұхбатында түсіндіргендей, Утапао-Алматы бағытындағы рейс әуе кемесінің Астанадан кеш келуінің салдарынан кешігеді.

2014 ж. 21 мамыр

Өскемендік 200 турист Түркияға демалуға ұшып шыға алмай қалады. «Гүлнар-тур» компаниясынан жолдама сатып алған туристер чартерлік рейспен Анталияға демалысқа ұшып бара алмай қалады. 

2014 ж. 28 мамыр

Астананың 150 турисі Анталияға уақытында ұшып шыға алмайды. Бұл жолы Астананың 150 адамы бір тәулікке жуық уақыт кешігеді. «Travel System» туроператоры жолаушылардың жүйкесі жұқаруына дейін жеткізуге шақ қалды.

 

 

Жүйелік шешім

ҚР ҰКП Туристік сала комитеті Хатшылығының хатшысы Олег Мециктің ойынша, бұл жағдайдың тамыры тереңде жатыр.

Мецик мырза хабарлағандай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туристік қауымдастықтармен бірлесіп жақын арада туроператор мен турагент арасындағы жауапкершілікті бөлу саласындағы заңнамада реттеу жүргізуді жоспарлап отыр (бұл ұсыныстар Үкіметте қарауда жатыр).

«Құзырлығына шығатын туризм нарығында жұмыс жасайтын компаниялар тәуекелдерін сақтандыру кіретін туроператорлардың ашық қорын құру туралы мәселе шешілуде», - деп қосты Олег Мецик.

ҰКП-ның туроператорлар құру бойынша бастамалары Үкімет деңгейінде қолдау табатын болса, онда болашақта қазақстандық туристік қызметтерді тұтынушылар заң жүзінде өз мүдделерінің қорғалатындығына сене алады деген ойдамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер