«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстанда балалар бақшасы құрылысына концессияшы таңдау бойынша байқау бастау алды

2014 жылғы 24 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
8265 просмотров

ШҚО әкімдігі «ШҚО Білім беру басқармасы» ММ тұлғасында «Өскемен қаласында балалар бақшасы кешенінің құрылысы және оны пайдалануға беру» концессиялық жобасы бойынша концессияшы таңдау бойынша байқау жариялайтындығы туралы хабарлайды.

Өскемен қаласында қазірі сәтте балалар бақшасының ғимараттары мен жер телімдерінен тұратын 6 (алты) балабақша бар. Олар 3 (үш) лотқа бөлінген.

Байқауға «Концессиялар туралы» ҚР Заңының 18 бабында және концессияшыларды таңдау бойынша байқау құжаттамасында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті концессияшылар жіберіледі.

Байқауға қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі байқау құжаттамасында көрсетілген, оның көшірмесін мына мекен-жайдан алуға болады: ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш., №59/1 үй, №601 бөлме, осы байқау өткізу туралы хабарландыруды жариялаған сәттен бастап, 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін.

Байқау құжаттамасы көшірмелерінің пакеті тегін ұсынылады.

Байқауға қатысуға хатқалталарға салынған байқау өтінімдерін әлеуетті концессияшылар  «ШҚО Білім беру басқармасы» ММ-ге мына мекен-жайға ұсынады (жолдайды): ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш., №59/1 үй, №601 бөлме.

Байқауға қатысуға өтінім берудің ақтық мерзімі 2014 ж. 13 қыркүйек сағ. 13-00 дейін. Байқауға қатысуға өтінімдер салынған хатқалталар сол күні сағ. 15-00 ашылатын болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232) 70-23-57, сондай-ақ  «ШҚО Өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-да мына телефон бойынша: 8 (7232) 26-23-96, e-mail: ppp.vko@gmail.com. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер