Еуразиялық экономикалық комиссияның сараптама тобы кедендік тексеруге қатысты мәселелерді талқыға салды
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің жобасын даярлау бойынша Сараптама тобы КК жобасы кедендік тексеруге қатысты ережелерін талқылап, жасап бітірді.
Сараптама тобының мүшесі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Экономикалық интеграция департаментінің директоры Нұрболат Соқыров хабарлағандай, тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысты тарауды талқылауда мүше мемлекеттерден және ЕЭК түскен ескертулер мен ұсыныстар ескерілді. Сарапшылар сонымен қатар Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері Бірлескен алқасы Жұмыс тобының отырысы нәтижелерін де назарға алды.
Кедендік бақылау, кедендік бақылау формаларын жүргізу мен оларды және кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды жүргізу тәртібі туралы жалпы ережелерге қатысты тараулар да талқыға түсті. Пікірталас барысында сарапшылар мүше мемлекеттер мен ЕЭК түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескеріп отыруға тырысты.
«Сараптама тобы Одақтың КК тауарлардың құбыр көлігімен және электр беру желілері бойынша өтуіне қатысты ережелерін талқылады», - деп жалғастырды Нұрболат Соқыров.
Оның айтуынша, Одақ КК жобасына Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы электр беру желілері және құбыр көлігі бойынша тауарлар өтуінің кейбір мәселелері туралы Келісім жобасының, сондай-ақ 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағы КК туралы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасының ережелері ішінара енгізілді.
«Одақ КК кеден ісі саласында қызметін жүзеге асырушы тұлғаларға қатысты ережелері, соның ішінде оларды тізілімге енгізу және осындай тізілімдерден шығару үшін негіздемелер жасау шарттарын бірегейлендіру бойынша ұсыныстар талқыланды», - деп қосты ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры Нұрболат Соқыров.
Сонымен қатар Одақ Кеден кодексінің өкілетті экономикалық операторға қатысты ережелері де талқылау мәні болды. Сонымен бірге сарапшылар өкілетті экономикалық оператор институтын дамыту бойынша жеке Жұмыс тобының жұмыс нәтижелеріне сүйенді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: