«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысы тағайындалды

2014 жылғы 28 Шілде
- Алматы қаласы
11896 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының жаңа директоры болып 34 жастағы Артур Котенёв тағайындалды.

2001 жылы Жоғары «Әділет» құқықтық мектебін бітірген. 2012 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін МВА бағдарламасы бойынша тәмамдаған.

2002 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысып келе жатқан А.Котенёв «ЦентрСтрой» ЖШС, «Taubuild» ЖШС, «Жалайыр» ЖШС-да басшылық лауазымдарында болды. 

2012 жылдан бері қалалық мәслихаттың депутаты, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар бойынша комиссия мүшесі қызметін атқарып келеді, ҚР Президентінің алғысхатымен марапатталған.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының мүшесі және жастарды қолдау ісінің партиялық жетекшісі болып табылады.

Жаңа басшы сонымен қоса «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары Ассоциациясының» төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі қызметтерін де қоса атқарады. 

Артур Котенев

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бұған дейінгі директоры Ерлан Стамбеков өзінің бизнесіне қайта оралды. Алайда ол Палата жанынан құрылған Өңірлік кеңестің және Алматы қаласы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің мүшесі болып қала бермек.  

Өзі кәсіпкер болғандықтан бизнестің қыр-сырын үздік игергені ескеріліп, Ерлан Стамбеков Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы құрылған күннен бастап директорлық қызметке тағайындалды. Ол басшылық қызметіне кіріскен күннен бастап білікті мамандардан тұратын жұмыс тобын құрды. Ерлан Стамбеков – Палатаның жаңа құрылымы Өңірлік кеңестің құрылуына мұрындық болғандардың бірі. Бүгінгі таңда Өңірлік кеңестің атқарылған жұмыстар «қоржынында» кәсіпкерлер арасындағы ауқымды жұмыс болып саналатын ҚР Президентінің «Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарғысының қабылдануына қатысқан жұмысы мен Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік Кеңесінің қызметіне тікелей әрекет етуі сынды көлемді жұмыстар бар.

Бірнеше ай ішінде Палата сарапшылары басшылықпен бірігіп, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін реформалауға қатысты ұсыныстар, индустриалды аймақтарды тиімді пайдалануға арналған, ҚР Салық Кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы, метрология және техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік сатып алу, Кедендік реттеуге қатысты ұсыныстар қатарын әзірледі. Сонымен қатар, Палатаның сарапшылары мен Өңірлік Кеңестің мүшелері бизнес-қауымдастықпен бірігіп,  қол қойылған ЕҚЫҰ келісім-шартының барлық бөлімдеріне бірыңғай шоғырландырылған ұстаным жасады.

Ерлан Стамбеков

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің оң нәтижелерінің бірі – мемлекеттік және бақылау органдарымен, салалық ассоциациялар мен қоғамдық ұйымдармен  стратегиялық және әріптестік қарым-қатынас орнатуында. Бұл қарым-қатынастар ресми Меморандум және Келіссөздермен расталды.

Ерлан Стамбеков басшылық еткен тұста Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласының Прокуратурасымен, Қаржы полициясы, Алматы кәсіподағы, Алматы қалалық ТЖД, «ҚазАгроФинанс» Алматы қ. бөлімшесі, сала бойынша жұмыс берушілердің бірлестіктері және оқу орындарымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумдарға қол қойды. 43 салалық ассоциация және бірлестіктермен әріптестік қатынас орнатты. Жақында бизнеске сервистік қолдау көрсету бағдарламасы өз жұмысын бастап кетті.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алғашқы директоры Ерлан Стамбековтың еңбегін бағалап, экономика және жеке кәсіпкерлікті дамытудағы жеке қызметі үшін ІІ дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен марапаттады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер