«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық экономикалық комиссия жеңіл өнеркәсіп өнімдерін маркалау жүйесін құруды ұсынды

2014 жылғы 22 Шілде
4399 просмотров

ЕАЭО аясында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін маркалау жүйесін құру контрафактілік өнімді анықтауға, сондай-ақ бюджетке түсімді ұлғайтуға көмектеседі.

Жақында Мәскеуде ЕАЭО қатысушы үш ел үкімет басыларының бірінші орынбасарлары қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі отырысына қатысушылар осындай ойға келді.

ЕАЭК Кеңесінің отырысының жұмысына қатысқан ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаменті директоры Сергей Радаевтың айтуынша, кедендік ынтымақтастық, сауда, сондай-ақ еуразиялық интеграциялық жобаны дамыту мәселелері қарастырылған.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың функциялануының маңызды аспектілерін талқыға салды. Атап айтқанда, Тараптар болашақ бірлестіктің толыққанды жұмысы үшін қажет құжаттарды дайындауға кірісті. Сонымен қатар ЕАЭО құру туралы Шартқа қол қоюдан кейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін актілерді дайындау және бекіту бойынша жұмыс Жоспары қабылданды.

Сонымен бірге, ЕАЭК мүшелері Астанада өтетін ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған материалдар мен жабдықтарға әкелінетін кеден баждарын тоқтату туралы келісті.

«Бұл шешімді қабылдау аталмыш тауарларды кеден баждарын, салықтар төлеусіз, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданусыз арнайы кеден процедурасына орналастыруға мүмкіндік беретіні, соңғысы өз кезегінде көрме ұйымдастырушылары мен қатысушыларының шегерімдерін төмендетуге, кеден операцияларын жүргізуді жылдамдатуға және жеңілдетуге көмектесетіні» аталып өтті.

Сергей Радаев атап өткендей, ЕЭК Кеңесі отырысының барысындағы негізгілердің бірі жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін маркалау жүйесін құру және функциялау мәселесі болып табылды, себебі, аталып өткендей, бұл өнім контрафактінің айтарлықтай пайызына ие ең сыни тауар тобына жатады. Ол көбінесе нарықта астыртын өткізіледі.

Талқылау қорытындысы бойынша сәйкестендіру белгілерімен маркалаудан ғана емес, RFID-таңба – радиожиілікті сәйкестендірудің келешегі бар технологиясын қолданудан да тұратын  Беларусь Республикасының тәжірибесін қолдану ұсынылды. Бұл есептеу аясына түсіп, антенна арқылы сигналды үлгілейді де, оны цифрландырылған түрде көрсетіп, одан әрі оның автоматты түрде есептелуі жүретін пассивті таңба. Осы заманауи технология бүгінде өз тауарларының шаруашылық ету субъектілерін сәйкестендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бюджетке түсімді ұлғайта отырып, ақшалай түсім мен салық төлеу көрінісінің толықтығы үшін отандық та, импорттық та өндірістің тауарлар есебін жүргізуді, салық бақылауын қамтамасыз ете отырып, контрафактілік өнімді анықтауға көмектесетін Одақ аясындағы маркалаудың интеграцияланған жүйесі мәселесі талқыланды, - деген түсінік берді Сергей Радаев,  сонымен қатар, - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жалпы бұл новацияны қолдайтынын қосты.

Оның айтуынша, ЕЭК Кеңесінің мүшелері Бизнес-сұхбат аясында Бірыңғай экономикалық кеңістік және Кеден одағына мүше мемлекеттер бизнесінің өкілдерімен жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін маркалау жүйесін құру мәселелері бойынша консультациялар өткізу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры атап өткендей, бұл мәселе бизнеске түсетін ықтимал қаржы жүктемесіне қатысты болып отыр.

«Біз кейін ақтық шешім шығару үшін, бұл мәселені бизнес-қоғамдастық өкілдерімен талқылауға тиіспіз», - деп түйіндеді Сергей Радаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер