«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлер үйлерін ашуды жоспарлауда

2014 жылғы 18 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
9413 просмотров

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұржан Әлтаев өңір басшысы Бердібек Сапарбаевпен аудандарда «бір терезе» қағидасымен жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үйлерін ашу мәселелерін талқыға салды, яғни кәсіпкерлер барлық консалтингтік, заңгерлік және рұқсат беру процедураларын ала алады.

Нұржан Әлтаев сонымен қатар шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен, «Даму» Қорының өкілдерімен, үкіметтік емес бірлестіктер және Ұлан ауданы әкімдігі бөлімдерінің басшыларымен кездесті.

Кездесуге қатысушылар агроөнеркәсіп саласының, бағалардың, субсидиялаудың, салық салудың, Семей полигоны қосымша  төлемінің (экологиялық  төлемдер) диспаритеті проблемалы мәселелерін көтерді. Аудандық әкімдіктер жанынан өңірлік қаржы орталықтарын құру туралы ұсыныс келіп түсті.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытын жүзеге асыру аясында (2014 жылғы әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау) Палата экономиканың барлық секторларындағы шағын және орта бизнестің әрекеттегі кәсіпкерлеріне тегін қызметтер ұсынады.

Өскемен құс фабрикасының мәселелері, атап айтқанда, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы шешуін іздеп жүрген субсидиялау проблемалары қарастырылды.

Ұлан ауданында Шағын және орта бизнесті дамыту картасы құрылды. Оған сәйкес өндіріс пен қолда бар ресурстар және мүмкіндіктерді тұтыну теңгерімін зерттеп-біліп, ШОБ өсу нүктесін анықтауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер