«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауданың жаңа үлгісіне өтуді қажет деп есептейді

2014 жылғы 17 Шілде
3622 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ брифингінде сөз сөйлей отырып, ҰКП бірінші Құрылтайында қабылданған тапсырмаларды жүзеге асыру шаралары туралы жеткізді.

Оның айтуынша, Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға кәсіпкерлер құқықтарын қорғау саласында алты тапсырма берген.

Абылай Мырзахметов Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының алдында республикадағы бизнес-ахуал туралы жыл сайын есеп беретіндігін айтты.

«Сонымен қатар біз министірліктер мен мекемелер үшін кәсіпкерлік рейтинг дайындаймыз. Сапалы жұмыс атқару үшін мемлекет тарапынан бюджетке қаржы бөлінетін болады. Осы мәселені сәйкес органдармен бірлесіп шешіп жатырмыз» - деп хабарлады ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы.

Салалық мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік тапсырыстарға қатысты және оларға кәсіпкерлер тартылатындықтан, олардың техникалық айрықшалануына ҰКП-ның қатысатыны туралы да айтылды. Оның айтуынша, Үкімет жанынан вице-премьер Г.Әбдіхалықова басқаратын мекемеаралық комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық палата да кіреді.

Тағы бір тапсырма сауда мәселесіне қатысты. Абылай Мырзахметовтың хабарлауынша, алдағы аптада ҰКП-да кеңес өтеді. Онда базарларда жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер талқыланатын болады.

«Біз сауда саласында жұмыс істейтін адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қарастыратын сауданың жаңа үлгісіне өтуіміз керек. Санитарлық нормалар жазылып, азаматтарды салық жүйесінде тіркеу жүргізілуге тиіс. Оларға жағдай жасау керек», - деді ҰКП Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар Абылай Мырзахметов алдағы салықтық рақымшылық туралы хабарлады. Оның айтуынша осы жылдың күзінде Салық кодексіне өзгертулер енгізіледі. Оларға сәйкес келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2013 жылға дейін жиналып қалған айыппұлдар кешірілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер