«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенді жұмысының арқасында Орталық Тянь-Шань тауларына жол ашылды

2014 жылғы 17 Шілде
5434 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) Туризм индустриясы комитеті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Қарқара өзені арқылы Чар Құдық шатқалына өту көпірінде маусымдық өткізу орындарын ашу бойынша белсенді жұмыс атқарды.

Сондай-ақ туристік маусымды ойдағыдай өткізу мақсатында, көшпелі тәртіпте Ашутор асуы мен Көкжар және Шон-Жалаңаш өзендерінің құйылысындағы жолдар ауық-ауық ашылып отырды. 2014 жылдың шілде айы мен 01 қыркүйек аралығында туристер Қазақстан жағындағы Хан Тәңірі шыңына шығу мүмкіндігіне ие бола алады.

Қырғызстанда 2010 жылы өткен жағдайларға байланысты шекаралық Қарқара өзенінен Чар Құдық шатқалына өтетін көпір жабылып қалған еді. Салдарынан Қазақстанның туристік ресурсы – Орталық Тянь-Шань таулары мен оның шыңы Хан Тәңірі Қазақстан жағынан келген шетелдік альпинисттер үшін қол жетімсіз болып қалды.

Сол себепті қазақстандық туроператорлар шетелдік альпинисттерді қабылдай алмады. Осы жағдайды пайдаланып, Қырғызстанның туроператорлары өздерінің жағындағы Орталық Тянь-Шань тауларында шетелдік туристерді қабылдай отырып, көшпелі туризмді белсенді түрде дамытуда.

Қазіргі кезде осы мәселені жүйелі шешу үшін ҚР ҰКП мен ИЖТМ арасында Үкіметаралық келісім дайындалуда. Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы «Туристік топтардың трансшекаралық бағытта және шекарада ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалана отырып, Мемлекеттік шекараны кесіп өтуді реттеу тәртібі туралы» келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келісімнің мақсаты мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарын жыл сайын ашу болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер