Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі: барлығының көңілінен шығатын құжат па?
Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында КО және БЭК мүше мемлекеттердің сарапшылары қазіргі уақытта дайындап жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі қол қою сатысына шамамен тек 2014 жылдың аяғында ғана шығады. Бұл жұмысқа Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да белсене ат салысуда.
Бизнес-қоғамдастықтың үніне құлақ асу
Бір айта кететіні, Кеден одағының Кедендік кодексін, сондай-ақ Кеден одағының комиссиясы шеңберінде қабылданған басқа да құжаттарды даярлау кезінде, КО мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығының пікірі ескерілген жоқ, және де келіссөздерге үш елдің мемлекеттік органдарының өкілдері ғана қатысты.
Алайда КО елдерінің бизнес-қоғамдастығы Одақтың КК жобасын жасауға қатысуға мүмкіндік берілсін деп сұрауын жалғастыра берді, сонымен, 2013 жылғы қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына мемлекеттік басқарудың мүдделі органдарының өкілдері ғана емес, КО бизнес-қоғамдастықтары да кірді. Қазақстандық бизнестің мүддесін мұнда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төрағасының Орынбасары Рахым Ошақбаев және Қазақстандық кеден брокерлері қауымдастығының Төрағасы Геннадий Шестаков ұсынады.
Сонымен бірге ЕЭК Сараптамалық тобы құрылған. Ол Жұмыс тобы мақұлдаған бағыттар бойынша Одақтың КК жобасын жасаумен айналысады. Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының өкілдері, атап айтқанда «ҚТЖ», Азия-Авто, Филипп Моррис Қазақстан, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ, «KAZLOGISTIСS» Көлікшілер одағының, «Қазпочта» АҚ өкілдері де оның жұмысына белсене ат салысады. ҚР ҰКП-дан ЕЭК Сараптамалық тобының жұмысына Экономикалық интеграция департаментінің директоры Нұрболат Соқыров және Кедендік әкімшілік ету департаменті директорының орынбасары Эльвира Каримова тікелей қатысады және олардың жұмысын үйлестіреді.
Кеден «келісімін» берсін десек
Бизнес тарапынан сарапшылардың жұмысы үшін 2013 жылғы 30 тамызда ЕЭК-ке енгізілген кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша үш жақты Бизнес-сұхбаттың шоғырландырылған ұсыныстары негіз болып табылды. Бұл ұсыныстар Дүниежүзілік сауда ұйымының Министрлік конференциясының Бали сессиясы шеңберінде мақұлданған Сауда-саттыққа жәрдемдесу туралы келісім, Киото конвенциясы стандарттарының базасында, сондай-ақ кедендік әкімшілеудің үздік халықаралық тәжірибелерін ескере отырып дайындалған.
«Одақтың КК жобасына, сонымен бірге бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары бойынша, кедендік заңнаманы жетілдіруге, тауар айналымын және кедендік ресімдеуді үдетуге бағытталған ережелер енгізілген, мысалы, электронды кедендік мағлұмдаудың басымдылығы (құжаттарды ұсынбастан) және Одақтың КК белгіленген жағдайларда ғана жазбаша мағлұмдауды қолдану, кедендік бақылаудың назарын ресімдеу кезеңінен тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру, тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен кеден органының ақпараттық жүйесімен тауарларды автоматты түрде шығару (лауазымды тұлғаның қатысуынсыз), Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы кеден органдарын алдын-ала ақпараттандыруды оңтайландыру», - деп әңгімеледі ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры Нұрболат Соқыров.
Осының барлығы КО әрекеттегі Кедендік кодексін жүйелік қайта қарауды, оның терминологиясы мен құрылымын өзгертуді талап еткені сөзсіз.
«Бизнеске тиіспеу»
Одақтың КК жобасын дайындаушылар электронды (қағазсыз) мағлұмдауды енгізу, кедендік бақылаудың назарын ресімдеу кезеңінен тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру бойынша өз ұстанымдарын алға тартуда, бұл, олардың ойынша, кедендік ресімдеуді жеделдетуге әсерін тигезеді және Одақ КК жобасының қосымшасы болып табылады.
Сонымен қатар, ҰР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры Нұрболат Соқыровтың ойынша, құжаттардың болуы мен оларды ұсыну мерзімі жағынан кедендік ресімдеу кезеңінде де, тауарларды шығарғаннан соң да кеден органдары өз талаптарын қатайтуы мүмкін деген қауіп бар.
«Мысалы, посткедендік тексерісте құжаттар болмаған жағдайда және оларды кедендік орган орнатқан мерзімде ұсынбаған жағдайда декларацияда тауарларға мәлімделген мәліметтерді күмәнді деп есептеу ұсынылады, бұл декларантқа осыдан келіп туындайтын әкімшілік және қылмыстық салдарларды қолдануға әкеледі. Және де бұл жерде кеден органдары мен СЭӘ қатысушылардың мүдделері жағынан бақылау және әкімшілеу арасындағы теңгерімді сақтау маңызды. Керісінше жағдайда кедендік органдар Тәуекелдерді басқару жүйесінің критерийлерін желеу етіп (олар, айта кетейік, кедендік органдармен орнатылады және жабық болып табылады), құжаттарды ресімдеу кезеңінде де талап ете бастайды, ал сосын посткедендік тексеріс кезінде СЭӘ қатысушысына «тисетін» болады», - деп түсінік беріп кетті Н. Соқыров.
Одақтың КК жобасы төңірегіндегі Сараптама және Жұмыс тобының отырысы барысында кедендік ресімдеу және кедендік бақылауды жүзеге асыру басырысында туындайтын проблемалы мәселелерді шешу бойынша қазақстандық бизнестен сарапшылардың жекелеген ұсыныстарына құлақ асты.
Мысалы, кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде іркіліс орын алған жағдайда электронды көшірмесін ұсынбастан, осындай электронды көшірмені техникалық ақаулар жойылғаннан кейін ұсынумен жазбаша кедендік декларацияны тіркеуді жүргізу ұсынысы қолдау тапты. Сондай-ақ, ҚР ҰКП сарапшыларынан ұсыныс бойынша, кедендік органдар тауар сыныптамасы бойынша берген түсініктері бұрын қабылданған алдын-ала шешімге қайшы келсе, тауарлар сыныптамасы туралы алдын-ала шешімді қайтарып алу туралы шешім қабылдауға міндетті болады.
Өз тарапының мүддесінде әрекет ету
Дегенмен, ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры Нұрболат Соқыров Қазақстанның мемлекеттік органдарының сарапшылары ресейлік және белорустық әріптестерінің ұсыныстарын кей жағдайларда қолдайтындығын атап өтуді ұмытпады, бұл, оның ойынша, бизнес үшін халықаралық сауданы жүргізу шарттарын нашарлатады.
Мысалы, декларант өзге кедендік процедураға тауарларды орналастырған кезде кеден баждарының сомасынан пайыздарды орнату және алу мәселесі (уақытша әкелуден не болмаса ішкі тұтыну үшін шығаруға қайта өңдеу кедендік процедурасынан).
«Бұл норма кеден заңнамасында 2010 жылдан бері Кеден Одағының әрекеттегі Кедендік кодексін дайындауға бизнес-қоғамдастықтың қатыспауы себебінен пайда болды. Осындай төлемдер сомасын төлету мөлшеріне қатысты ешқандай да талдама жоқ, және де кеден баждары сомасынан пайыздар төлетуді әкімшілеуге шығындардың төлетілген пайыздар сомасынан асып түсуі де әбден мүмкін», - деп атап өтті Н. Соқыров.
Кедендік ресімдеу кезінде мағлұмдауда көрсетілуі қажет мәсіметтер көлемін ұлғайтуға келсек, онда, ҚР ҰКП өкілінің айтуынша, сауда процедураларын жеңілдету үшін тауарларға мағлұмдау шығару үшін айтарлықтай мәнге ие негізгі мәліметтерден тұруға тиіс және қандай да бір жағдайды нақтылаушы қосымша мәліметтермен асыра жүктелмеуге тиіс.
«Күмәнді мәліметтерді бергені үшін декларант әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Бұл жағдайда заңнама кеден декларациясында қандай мәліметтер туралы айтылып отырғанына қарамайды, негізгі мәліметтер болсын, қосымша болсын жауапкершілік тең түрде қолданылады. Атап айтқанда, сөз тауарларға декларацияның жекелеген графаларын тәптіштеумен байланысты мәселелерді шешу жайлы болып отыр, мысалы, 31 графаны. Алайда біздің ойымызша, тауарлар кодтары бойынша және т.б. тәптіштеуді ұлғайтумен байланысты басқа инструментарийді қолдану қажет, - деп есептейді Нұрболат Соқыров.
Келесі бір даулы мәселе – бұл қазақстандық бизнес өзінің келіспеушілігін білдірген қамсыздандыру ретінде кеден органдары қолданатын төлемдер тізбесін кеңейту (арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар).
«Төлемдердің көрсетілген түрлері кедендікке жатпайды және қамсыздандыруға енгізілмеуге тиіс, дегенмен, өкінішке орай, ЕЭК алаңында талқылау кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сарапшылары қазақстандық бизнесті қолдамады, және де бұл норма Кодекс жобасына кіргізілді, және де, біздің ойымызша, Қазақстанның транзиттік әлеуетіне кері әсерін тигізеді, - деген түсінік беріп кетті ҚР ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаменті директорының орынбасары Эльвира Каримова.
Ол сонымен қатар кеден баждары, салықтары мөлшерлемелерін орнататын, сондай-ақ жеңілдіктердің берілу шарттарын өзгертетін актілер жарияланған, бірақ әлі күшіне енбеген тауарлар үшін алдын-ала кедендік мағлұмдауды қолдануға тыйым салуға қатысты өз ойын білдірді.
«Мұндай норманы енгізу сауда процедурасын жеңілдету бойынша тұжырымдамаға сәйкес келмейді, себебі алдын-ала мағлұмдауды қолдану механизмінің өзі ТБЖ қолдану, жеткізулер құрылымын алдын-ала зерттеп білу мақсатында әкелінетін тауарларға қатысты мәліметтерді күн бұрын мәлімдеуге бағытталған. Біз прогрессивті ұстанымдарды тарылтуды емес, енгізуді және жетілдіруді қолдаймыз», - деп мәлімдеді Эльвира Каримова.
Нұрболат Соқыровтың да ойы осы жерден шықты. Ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарынан сарапшылардың мұндай ұстанымының бизнесті жүргізуге жағымды жағдай жасауға бағытталған Елбасының тапсырмаларына қайшы келетінін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының ұсыныстары 11 маусымда өткен телекөпір барысында пайыздарды орнату және төлету бойынша ұсынысты қоспағанда (Ресейде пайыздар төлетіледі), ресейлік бизнес өкілдерінен қолдау тапты. Ресейліктер өз кезегінде Кеден одағының әрекеттегі Кедендік кодексінің редакциясында бұл норманы, сондай-ақ тек әкетілетін кедендік баждар мөлшерлемесін орнататын актілер жарияланған, бірақ күшіне енбеген тауарларға қатысты алдын-ала мағлұмдауды қолданбауды қарастыратын норманы қалдыруды ұсынды.
Сонымен қатар, ресейлік бизнес өкілдері DHL-Қазақстан компаниясының өкілдері ұсынған «Экспресс-тасымалдаулар» тарауын Сараптама тобының отырысында қарастыруда қазақстандық бизнестің сарапшыларына қолдау көрсетті. Оның негізгі ережелері Сараптама тобының жетінші отырысындағы талқылау қорытындылары бойынша Одақтың КК жобасына кіргізілген еді.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз сайтында Одақтың КК жобасын дайындауға арналған арнайы бөлім ашты. Онда Одақтың КК жобасымен жұмыс барысы туралы ақпарат, сондай-ақ Мәскеудегі сарапшылар жасап шыққан жоба тарауларының редакциялары жарияланып тұрады.
«Біз Қазақстанның бизнес-қоғамдастығын Одақтың КК жобасын талқылауға бұрынғыдан да белсене ат салысуға шақырамыз. Біз өз тарапымыздан осы ұсыныстардың ескерусіз қалмауына бар күшімізді саламыз», - деп түйіндеді Н.Соқыров.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: