«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Ұлттық Банкі ынтымақтастық туралы келісімге келді

2014 жылғы 04 Шілде
4080 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) бүгін ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморнадумға қол қойды. Меморандум аясында кәсіпкерлік қоғамдастық пен ҚР Ұлттық Банкі арасында сындарлы сұхбатты дамытпақшы.

Сонымен қатар ҚРҰБ және ҰКП ынтымақтастығының мақсаты ҚР экономика және қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін, сонымен бірге интеграциялық бірлестіктер аясында (Еуразиялық Экономикалық Одақ және ТМД) және халықаралық нарықта көтеру болып табылады.

Бұл іс-шара тараптар жоспарлаған, отандық бизнес үшін қорландырудың қолжетімділігін жақсартуға бағытталған, бірлескен әрекеттер қатарындағы алғашқы қадам болды. Тараптар Ұлттық Банк сала дамуының жалпы жағдайларына әсер ететін шешімдер қабылдағанда қаржы қоғамдастығының пікірін ескеру үшін бар күшін салуға келісті. 

Бірлескен әрекеттердің басымдылықтары болып анықталғандар –қазақстандық қаржы секторының тұрақтылығын қолдау, сонымен бірге банк секторын тезарада сауықтыру, экономикалық өсу сапасын көтеруге жәрдемдесу, қаржы қызметтері сапасы мен қолжетімділігін, әсіресе өңірлерде, көтеру, халықтың және шағын бизнестің қаржылай сауаттылығы деңгейін көтеру, сондай-ақ қор нарығын дамыту. 

ҚРҰБ және ҰКП пікірлер және сараптамалық қорытындыларды алмасуды, бірлескен жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында бағалауды, жүргізілетін жұмыстың ашықтық саясатын жүргізуді реттемелейтін егжей-тегжейлі Келісімді дайындап шықпақшы.

Тараптар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ҰБ қолдауымен халықтың қаржылық сауаттылығын көтерудің республикалық бағдарламасын іске қосады және әсіресе шағын қалалар мен ауылдық жерлерде қаржы қызметтерінің қолжетімділігі деңгейі туралы зерттеулер жүргізеді деп келісті.

Ұлттық Банк Төрағасы Қайрат Келімбетов қол қойылған Меморандумның маңыздылығын атап өтті де, Ұлттық Банк пен Кәсіпкерлер палатасының мемлекет Басшысының тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруға, сонымен бірге кәсіпкерлер үшін қаржыландырудың қолжетімділігі, қаржы қызметтерін реттеуші заңнаманы жетілдіру бойынша жәрдем көрсететіндігін; шағын және орта бизнестің қаржылық сауаттылығын көтеруге және т.б. жәрдемдесетіндігін баса айтты.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, осы меморандумға қол қою заңды қадам болып табылады, ҰКП және Ұлттық Банк Ұлттық палата құрылған күннен бастап тығыз әріптестік жасауда. ҰКП өкілдері Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңеске, ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін қаражатты жұмсауды бақылау мәселелері жөніндегі Комиссиясы мен жұмыс тобының құрамына кіреді.

Меморандум ережелеріне сәйкес, ҰКП және ҚРҰБ Үкіметке және ҚР мемлекеттік органдарына қарастыруға шығару үшін қаржы секторын болашақта дамыту бойынша ұсыныстарды бірлесіп жасамақшы, қаржы саласындағы қатынастарға қатысты, сонымен қатар интеграциялық процестер аясындағы ҚР заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ынтымақтаспақшы, сондай-ақ ынтымақтастық және бірлескен әрекеттің ашықтық қағидасын ұстанбақшы ниетте.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер