«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП-да тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

2014 жылғы 04 Шілде
4184 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сұхбат алаңы аясында 4 шілдеде ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және кәсіпкерлік сектор өкілдерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түскен сомасын растау мақсатында ТБЖ қолдану қағидаларына және тәуекел дәрежесінің критерийлеріне, және салықтық тексеру актісінің үлгісіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ҚМ Салық комитетінің ұсыныстары талқыға салынды.

Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша осы және бұрындары жүргізілген дөңгелек үстелдер барысында талқыланған түзетулермен қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түскен сомасын растау мақсатында ТБЖ қолдану қағидалары бойынша ҚР Үкіметі қаулысының жобасын үстіміздегі жылдың тамызында ҚР ҚМ Салық комитеті қарастыруға енгізеді деген шешім қабылданды (кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер