«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы таралымның артуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті

2014 жылғы 10 Шілде
4626 просмотров

Баспасөз мәслихатында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев және ҚР Мәдениет вице-министрі Жанай Омаров бірлескен жоба туралы баяндады. Сондай-ақ, бизнес жобалар жинағының артықшылықтарына тоқталды.    

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындаған «Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы 30 мың дана таралыммен жарыққа шықты. Анықтамалық өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы тұрғындарға тегін таратылуда.

«Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығының елімізде баламасы жоқ. Жинаққа 10 млн. теңгеден аспайтын бизнес жобалар енгізілген. Әрбір жобаның нақты қаржылық есебі, өндірістің технологиясы, жобаның өтелу мерзімі,  маркетингтік жоспар және тауарды өткізу жолдары анық көрсетілген.

Анықтамалық студенттерге, жұмыссыз азаматтарға, кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер мен тәжірибелі бизнесмендер үшін де таптырмайтын әдістемелік құрал. Бизнес жобалар жинағы өз кәсібін ашқысы келетін кез-келген азаматқа қолжетімді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік мектебін ашу арқылы анықтамалықта түзілген жобаларды жүзеге асыруға азаматтарды, әсіресе ауыл тұрғындарын баулуды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер