ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Eurasian Resources Group (ERG) ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтады
Бүгін Астанада ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және ERG Директорлар кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич Қазақстанның тау-кен саласын дамыту саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«ҚР ҰКП жақында өткен бірінші Съезінде экономиканың дәстүрлі салаларын, соның ішінде елдегі ІЖӨ негізгі құрамдастары ретіндегі тау-кен саласын дамытудың маңыздылығы аталып өтті. Біздің міндетіміз – заңнаманы, соның ішінде геология, жер қойнауларын пайдалану, металлургия, экология және салық салу салаларындағы заңнаманы жетілдіру бойынша күш біріктіру», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев басымдылықтар ретінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнаулары туралы» Кодексінің (Тау-кен кодексінің) жобасымен, экологиялық заңнаманы жетілдірумен жұмыстарды атады.
Меморандум сондай-ақ темір жол тасымалдары, электр энергиясы тасымалы, стратегиялық тауарлар нарығы, сонымен қатар отын және ЖММ нарығы саласындағы монополистер әрекетін тараптардың тарифтік реттеу әдістерін жетілдіру бойынша ынтымақтастығын қарастырады. ҚР Үкіметімен бірлескен осы жұмыстың қорытындысы жеткізушілер мен тұтынушылардың мүдделері теңгерімінің, нарық субъектілерінің инфрақұрылым нысандарына теңбе-тең қолжетімділігін қамсыздандыру болуға тиіс.
«Қазақстанның тау-кен-металлургиялық саласын дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламаларын жасауға қатысу және жүзеге асыруға жәрдемдесу – меморандумда көрсетілген бірлескен іс-әрекеттің тағы да бір бағыты. Бұл жағынан басымдылық ретінде 2020 жылға дейінгі тау-кен металлургиялық саланы дамыту бойынша Бағдарлама белгіленген», - деп баса айтты Тимур Құлыбаев.
Тараптар кадрлар даярлау, жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру, кеңейту және реконструкциялауды жүзеге асыратын тау-кен, металлургиялық және энергетикалық кешендер үшін (жер қойнауларын пайдаланушыларды қоса) салықтар бойынша артықшылықтар және жеңілдіктер әрекетін енгізу және тарату мәселелері бойынша күшерін біріктірмекші.
Бірлескен күштерді кәсіпорындардың әлеуметтік инвестицияларына мемлекеттік қолдау механизмінің қалыптасуына да, соның ішінде әлеуметтік қызмет пен қайырымдылыққа шығындар бойынша 3%-дан 7%-ға дейін салық салынатын табыстан шегерімдерді көбейтуге бағыттау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тараптардың жәрдемімен ҚР Үкіметінің тау-кен, металлургия, энергетика және басқа да салалар кәсіпорындары жұмыскерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын ынталандыру және қолдау бойынша бірқатар шаралары жасалатын болады.
«Компания үнемі Елбасының, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырған бағытына сәйкес дамып келеді. Қазіргі әлемдік нарықтардағы күрделі жағдайда еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен бизнестің бірлескен күш салуы қажет. Бүгінде қол қойылған құжат осы қарсы қимылға қосымша серпін береріне, өзара пайдалы серіктестіктің тиімді механизмдерін жасап шығуға көмектесеріне сенімдімін», – деп атап кетті құжатқа қол қоюдың соңында ERG Директорлар кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич.
ERG бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып та жатыр. Сонымен, соңғы бес жылда компания Қазақстандағы демеушілік пен қайырымдылыққа 58 млрд. теңгеден астам сома жұмсаған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: