Кәсіпкерлерді бизнестің қыр-сырына тегін оқытатын болады
Біраз жылдар бойында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында отандық кәсіпкерлерге тегін кешенді сервистік қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі.
2014 жылдан бері кәсіпкерлікке бейқаржылық көмек, сонымен бірге сервистік көмек көрсетудің операторы болып заң жүзінде Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таңдалған еді. Еліміздің 14 өңірінде бизнесмендер «бір терезе» қағидасы бойынша сервистік қолдауды алып та жатыр.
Өңірлерде бизнесті сервистік қолдаудың қаншалықты сапалы көрсетіліп жатқандығы туралы екі тараптан – ҰКП мен кәсіпкерлердің өздерінен сұрап білуді шештік.
Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңіс Дулатовтың айтуынша, ОҚО ӨКП жұмысының бірінші кезеңі компаниялар арасында кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету бойынша конкурс өткізу болып табылған.
- Бұл конкурсқа қатысуға ниетті компанияларға қойылатын талаптар қандай, айтып берсеңіз.
- Ең алдымен, бұл бухгалтерия, кеден, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша процесс, заңгерлік, маркетингтік, ақпараттық технологиялардың қызмет көрсету саласында және мемлекеттік сатып алуларда қызмет көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар консалтингтік компаниялар болуға тиіс. Конкурс шарттары мынадай: компаниялар кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесіне, жұмыскерлердің білікті штатына, материалдық-техникалық базаға ие болуға тиіс, банктерге, салық бойынша берешегі жоқ, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша кінәраттық-соттық сипаттағы даулардан ада болуға тиіс.
- Сіздің облысыңызда сервистік қолдаудың қандай түрлері аса өзекті болып келеді? ОҚО кәсіпкерлеріне көрсетілетін сервистік қызметтер қажеттіліктерінің мониторингін жүргіздіңіздер ме?
- Оңтүстік Қазақстан облысында көбінесе талап етілетіндер: бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтер, заңгерлік қызметтер, маркетинг мәселелері бойынша және ақпараттық технологиялардың қызмет ету саласындағы қызметтер.
- Өңіріңіздің ерекшелігіне қарай мамандандырылған сервистік қызметтер тізбесін кеңейту керек пе, сіз қалай ойлайсыз?
- Сервистік қолдау бойынша қызметтерді жүзеге асыру барысында біз кәсіпкерлер арасында сервистік қызметтердің қосымша түрлеріне сұранысты анықтау мәніне сауалнама жүргізетін боламыз. Сауалнама қорытындылары бойынша талдау жүргізіледі, осыдан келіп кәсіпкерлерді көбінесе қызықтыратын сервистік қызмет компоненттері көрінетін болады.
- Сервистік қызметтер көрсету түріндегі мемлекеттік қолдау туралы барлық кәсіпкерлер біле бермейтін шығар, бәлкім?
- Біз бұл жағын да ойладық және ендігі жерде жарнамалық кампания жүргізу бойынша жұмысты күшейтуді жоспарлап отырмыз. Ең алдымен, орталық көшелерге билбордтар іліп, сонымен қатар газеттерге, теледидарға «жүгіртпе жол» түріндегі хабарландырулар орналастыра отырып, визуалды жарнамаға ерекше назар аудармақшымыз, кәсіпкерлерге хаттар мен жеке нұсқаулықтар жолдап, оларға палатталарға қабылдау кезінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілі, «ПРЭКО Консалтинг» ЖШС (Қостанай қ.) директоры Талғат Рахметов те өз ойымен бөлісті.
Оның айтуынша, шағын бизнес кәсіпорындарының саладағы жетекші компаниялардан сапалы консалтингтік қызметтер алуына көмектесетін мемлекеттік қолдау бағдарламалары – бұл шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.
Ал компания өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қазақстандық компаниялар ортасындағы тиімді басқарушылық технологияларды кеңінен таратуды көретіндіктен, әрине, ол шағын бизнес кәсіпорындарына консалтингтік қызметтердің қолжетімділігін көтеруге бағытталған түрлі бағдарламаларға қатысады.
- Клиенттер қатары айтарлықтай кең, біздің қызметтерімізді түрлі салалардағы компаниялар қолданады, атап айтқанда, сауда-саттық, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және өндіріс, машина жасау және тау-кен саласы. Сонымен бірге соңғы жылдары шағын және микро бизнес кәсіпорындары арасында консалтингтік қызметке деген қажеттілік артып келеді. Алайда жетекші консультанттар қызметтерінің құны олар үшін көбінесе қымбаст болып келеді, - дейді Талғат Рахметов.
- Сіздің компанияңыз қандай қызметтер көрсетеді?
- «ПРЭКО Консалтинг» ЖШС қостанайлық кәсіпкерлерге маркетинг және консультация беру қызметтері бойынша, 2011 және 2013 жылдары сапа менеджментін енгізу бойынша кеңес берді. Ол кезде жұмыс «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қорының тапсырысы бойынша жүргізілді. Осы кезең ішінде біз облыстың 22 кәсіпорнына сервистік қолдау бойынша қызмет көрсеттік және бесеуі бізден консультация алды.
- Берілген консультацияларға нақты мысал келтіре аласыз ба және оның нәтижелері туралы айтып берсеңіз?
- Жобалар көп болды, және де олардың барлығы түрлі бағыттардан еді. Олардың арасында болғандар, мысалға келтіре кетсем, «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін көкөністерді қайта өңдеу бойынша кәсіпорынды дамытудың кешенді жоспары, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тартуға арналған бизнес-жоспарлардың толық қатары, нарықтық жағдайды зерделеу мақсатындағы маркетингтік зерттеулер. Мысалы, «Грань К» компаниясы үшін көмір нарығын зерттедік, бұл нәтижесінде кәсіпорынның өз клиенттерінің қажеттіліктерін біршама толық қанағаттандыру есебінен өткізу көлемін айтарлықтай ұлғайтуына көмектесті.
Сонымен қатар бірқатар кәсіпорындарға халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйелерін дайындау және енгізу мәселелері бойынша консультация бердік. Олардың арасында, мысалы, нан-тоқаш өнімдерін, жартылай фабрикаттарды және кондитерлік өнімдерді өндірумен айналысатын Кригер В.Г. ЖК, «От Розумовича» брендімен шұжық өнімдерін шығарушы «Аян-Озат» ЖШС болды.
Осындай жобалардың нәтижесі – қызметті ретке келтіру, өндірілетін өнім сапасын жақсарту, еңбек өнімділігін ұлғайту, бұл, өз кезегінде, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтереді және өндіріс көлемін ұлғайтуға көмектеседі.
- Кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету бағдарламасы қазір де жұмыс жасайды ма?
- Биылғы жылы сервистік қолдау бойынша жұмыстар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қамқорлығымен жүргізілетін болады. Біз сондай-ақ конкурста қызмет ұсынуға екі санат бойынша жеңіп шықтық. Біріншісі – бұл консультация беру және менеджмент жүйесін енгізу бойынша бүкіл процесті толығымен сүйемелдеу. Біз Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерліктің 47 кәсіпорны бойынша қызмет көрсететін боламыз. Мұнда біз менеджменттің халықаралық стандарттарын қолдануға қатысты мәселелердің кең көлемі бойынша кәсіпкерлерге консультация бере аламыз. Келіп жүгінген кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қарай консультациялау сертификаттауға құжаттауды даярлаудан, менеджменттің әрекеттегі жүйелерін талдаудан, ішкі аудитті жүргізуге көмектен, қызметкерлерді оқытудан, сертификаттау мәселелері бойынша кеңес беруден тұруы мүмкін.
Екінші бағыт – маркетинг мәселелері бойынша қызметтер көрсету. Біз түрлі мәселелер бойынша облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің шамамен 130 субъектісіне кеңес беруді жоспарлап отырмыз. Біз кәсіпкерлерге баға саясаты, бизнес-жоспарлау, кәсіпорынның маркетингтік қызметін бағалау және талдау, маркетингтік стратегияны жасап шығару, өркендету жоспары, сауда белгісін жасау, жарнамалық кампанияны ұйымдастыру мәселелері бойынша көмектесеміз. Жалпы, өткізу мен маркетингке қатысты мәселелердің кең көлемін қамтимыз.
- Осы қызметтерді алу үшін кәсіпкерден не талап етіледі?
- Өтінімді толтыру. Мұны істеу үшін CITY KOSTANAY бизнес-орталығында орналасқан «Даму» қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келу қажет, немесе тікелей кеңсемізге келіңіз, Атриум бизнес-орталығы, 401-407 бөлмелер, тел. +7 (7142) 54-18-93, 53-44-93.
- Өткен жылдары кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету бойынша қызмет көрсету барысында қандай да бір қиыншылықтар ұшырасты ма?
- Ерекше қиыншылықтар болған жоқ деуге де болады. Консультация алуға келіп түскен әрбір өтінім бойынша біз клиентке қызметті барынша жылдам және сапалы түрде беруге тырыстық. Бір айта кететіні, бізге кәсіпкер болып табылмайтын, бірақ өз бизнесін бастауға ниетті адамдардан көптеген өтінімдер келіп түсті. Өкінішке орай, біз оларға көмектесе алмадық, себебі бағдарлама тек әрекеттегі кәсіпорындарға ғана арналған. Сервистік қолдау бағдарламасының аясында жай ғана жеке тұлғаларға кеңес беру мүмкіндігі стартап жобалардың бүтін бір қатарына көмектесер ме еді, деген ойға қалдық.
- Сервистік қолдауды жүзеге асыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз бар ма?
- Субсидияланатын қызметтер аясын кеңейткеніміз жақсы болар еді. Әлбетте, маркетинг және сапа менеджменті жүйесін енгізу саласындағы қызметтер көп талап етіледі, дегенмен басқа да біршама заманауи және талап етілетін әдістемелер жетіп жатыр. Олардың қатарына, мысалы, басқару жүйелері мен құрылымдарын оңтайландыруды, даму тұжырымдамасы мен қызметкерлердің уәжін табу жүйелерін жасауды, ұқыпты өндіріс қағидаларын және Кайдзен стратегиясын енгізу, энергоаудит жүргізу және энергия тиімділігін көтеру бойынша нұсқаулықтар жасауды жатқызуға болады. Мұндай жобаларды біздің біршама ірі клиенттеріміз, қызметтерімізге өз бетінше төлем жасау мүмкіндігі барлар айтарлықтай талап етеді. Біз компаниялар алатын әсерді көріп жүрміз, және де, әрине, тиімді басқарушылық технологиялардың біршама кең аясына шағын кәсіпорындардың да қол жеткізгені дұрыс болар еді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: