«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Субсидиялар – ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіру үшін

2014 жылғы 30 Маусым
5130 просмотров

Ауыл шаруашылық министрлігінің алқасында ҰКП АӨК Комитеті Хатшылығының қатысуымен ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіру, сәйкестендіру бағдарламаларын web-порталдық нұсқаға көшіру мәселелері қарастырылды.

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдегендей, сәйкестендіру – бұл бизнестің қажеттілігі. «Мал басын нақты есепке алу негізінде автоматты тәртіпте субсидияларды әкімшілендіруді қайта қарауға болады», - деп атап кетті ол.

Ауыл шаруашылық министрлігі басшысының ойынша, бұл жұмысты мал басы туралы мәліметтерді жүйелі түрде беруге, сондай-ақ мәліметтер базасын өзектендіруге мүмкіндік беретін үзіліссіз интернет-байланысты жөнге сала отырып қана жүргізуге болады. А.Мамытбеков сонымен қатар ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіру аясындағы мәліметтер базасының кеш және сапасыз жаңартылатындығына назар аударды. Бұл проблеманы осы бағдарламамен бұрындары жұмыс жасаған мамандарды табу арқылы шешуге болады, не болмаса мал дәрігерлерін оқыту керек, деген ойда министр.  

Ауыл шаруашылық министрі мәліметтердің нақтылығы мәселесіне ерекше көңіл қойды. Алайда, оның айтуынша, саланың пайдалылығы, инвестициялық тартымдылығы үшін жағдай жасау одан да маңызды болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер