«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында экономиканы офшорсыздандыру бойынша дөңгелек үстел болып өтті

2014 жылғы 30 Маусым
3699 просмотров

Қазақстандық компаниялардың офшорлық аймақтарға кетуіне қалай қарсы тұруға болады және олар үшін салық заңнамасын қалай жұмсартуға болады?

Бұл ҚР ҰКП Басқарма Бастығының Орынбасары Жаннат Ертілесованың төрағалығымен өткен экономиканы офшорсыздандыру бойынша дөңгелек үстелде талқылаудың мәні болған негізгі сұрақтардың бірі.

Жаннат Ертілесова атап өткендей, ҚР Қаржы министрлігінің өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындаған отандық экономиканы офшорсыздандыру бойынша Кешенді жоспар жобасы жоспарланып отырған шаралардың кешенділігі мен жүйелілігі тұрғысынан жеткілікті түрде пысықталған болып табылмайды, себебі онда экономиканың офшорлануына қарсы тұру бойынша әрекеттегі шаралардың талдауы жоқ.

Сонымен қатар, бір айта кететіні, бұл шараны жүзеге асыру ұлттық ресурсты ішкі даму мен өз еліміздің тұтынуына қолдану мүмкіндігін береді.

Отандық экономиканы офшорсыздандыру сонымен бірге Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көтеруге бағытталған бәсекелік салық шараларын да, отандық бюджетті толықтыруға және салық жеңілдіктерін асыра пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған өтеуші сипаттағы салық шараларын да енгізу жолымен, капиталдың шетел асуын болдырмау үшін жүргізілетіндігі белгілі.

Атап өтілгендей, офшорсыздандыруды жүргізу үшін саяси еріктен басқа ешқандай да капитал салу талап етілмейді, алайда мұндай шарадан экономикалық әсер өте зор.

Бұл мәселені талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ қауымдастықтар мен кәсіпкерлер қатысты.

Қаржы министрлігі ҰКП ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Экономиканы офшорсыздандыру бойынша тұжырымдама жобасын аяқтап бітіруге және оны осы жылдың бірінші тамызына дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсынуға уәде берді.

Экономиканы офшорсыздандыру бойынша болашақ шараларды талқылау бойынша келесі отырыс 20 тамызда өтеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер