«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлердегі кәсіпкерлер Қазақстанның Халық Банкі өкілдіктерінен консультациялар ала алады

2014 жылғы 27 Маусым
4130 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Халық Банкі меморандумға қол қойды. Меморандум аясында банк менеджерлері өңірлердегі кәсіпкерлерге консультация бере алуы үшін, оларды бизнесті қолдаудың барлық мемлекеттік құралдарына оқыту туралы келісуге қол жеткізілді. Сонымен бірге мұндай көмек аудандар мен қалаларда бизнесмендерге тегін көрсетілетін болады.

Халық банктің оқытылған қызметкерлері шағын және орта бизнес өкілдеріне болжалды қаржыландыру, салық салу, жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын дұрыс құрылымдау мәселелері бойынша сауатты кеңес бере алатын болады.

Менеджерлер бизнесмендерге сонымен қатар кәсіпкерлердің мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша ескеретін ең оңтайлы талаптарды ұсыну үшін, банк көрсететін қызметтер тізбесі туралы да айтып береді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Халық банкі сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Даму» қоры филиалдарының және басқа да бейіндік ұйымдардың қызметкерлері үшін семинарлар өткізу туралы келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер