«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз етеді

2014 жылғы 23 Маусым
4416 просмотров

Мамандар даярлығының сапасын көтеру және экономика салаларының жұмыс берушілер талаптарына сәйкес білікті кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, ҚР ҰКП салалық қауымдастықтармен бірлесіп мамандарды даярлау бойынша оқу орындарын құру бастамасын көтеруде. Олардың кейбірі кешенді тұрғыдан келуде, онда кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру, сондай-ақ кадрларды сертификаттау жүргізіледі. Мұндай кешенді оқу орталықтары оқу кластерлері деп аталады.

1. 2014 жылдың қаңтарында Қарағандыда «Балқаш Манас» оқу орталығы құрылды, ол энергетикалық кәсіпорындар үшін мамандар дайындайды. Жыл басынан бері 30 адам энергетика саласындағы сертификатталған маман атанды.

2. 2014 жылдың сәуірінде Қазақстанның Полиграфшылар қауымдастығымен, ҚР Баспагерлер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесіп полиграфия және баспалар үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеру және кадрларды сертификаттаудың кешенді оқу орталығы ашылды. Биыл орталықтың 20 үздік түлегі Федоров ат. Мәскеу баспа университетінде оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін грант иегері атанады. Бір айта кететіні, құрылған сәттен бастап, даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру бағдарламасынан 71 адам өткен.

3. Сондай-ақ 2014 жылдың сәуірінде Жастар инновация және мансаптық өсу ресурстық орталығы ашылған. Бұл оқу орталығы келесі мақсаттарға жету үшін құрылған: 

- Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту (өнертапқыштық және инновациялар)

- Мансаптық өсуді ұйымдастыруға жәрдем көрсету

- Жастар кәсіпкерлігін дамыту.

4. Биылғы жылы Шымкентте «Оңтүстік» Индустриялық аймағының базасында «Білікті маман» оқу орталығы ашылғанын қоса айтамыз, онда 60-тан астам жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде орталықта қайта даярлау курсынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 87 адам өтіп жатыр. Курс ұзақтығы – 3 ай, оның ішінде жартысынан көбі кәсіпорында өтеді.

5. Сонымен қатар, дәл осы аптада Алматыда тағы да екі кешенді оқу орталығы ашылды. 12 маусымда Қазақстанның Азық-түлік кәсіпорындары одағымен бірлесіп «Перспектива» колледжінің базасында азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеру және сертификаттау бойынша салалық оқу-әдістемелік орталығы ашылды. Енді кадрларды Одақ құрамына кіретін кәсіпорындардың өтінімдері бойынша тікелей даярлауға болады.

6. 19 маусымда Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығымен бірлесіп жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін салалық оқу-әдістемелік кластері ашылды. Кадрларды даярлау ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

7. Жуық арада Астанада Құрылыс-техникалық колледжі базасында оқу-технологиялық орталық ашылмақшы. Ол Астана қаласының құрылыс компаниялары үшін кадрлар дайындайтын болады.

Елдің барлық өңірлерінде осындай оқу орталықтарын ашу жоспарланып отырғанын айта кету керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер